- Басты
- «Нұрлы жол»: «Қызылорда-Жезқазған» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы жолға шықты (ФОТО)
«Нұрлы жол»: «Қызылорда-Жезқазған» бағытына қатынайтын жолаушылар пойызы жолға шықты (ФОТО)

«Қызылорда – Жезқазған» пойызы былтыр ғана қолданысқа берілген «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» жаңа теміржолы үстімен жүреді. Жаңа пойыз Қызылорда облысының солтүстігінде орналасқан 65 станция арқылы өтеді. Енді қызылордалықтар Сарыарқа өлкесіне бір тәулік ішінде пойызбен тікелей бара алады.
“Елбасы бастамасымен темір жол, көлік жолдары құрылыстарының жүргізілуі мемлекетіміздің, қала берді облыстардың бірі-бірімен сауда-саттығын, барыс-келісін, алыс-берісін, экономикалық байланыстарын нығайтып, халықтың тұрмысын түзейтін болады. «Қызылорда – Жезқазған» пойызының қатынауы Наурыз қарсаңында Сыр жұртшылығы ғана емес екі арадағы қаншама халық үшін шын мәнінде үлкен сый болды”, - деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.
Жаңа жолаушылар пойызы 5 вагоннан тұрады. Билеттердің де бағасы тиімді. Мәселен, жолаушы Баян Әлімова бұрын Жезқазғанға автобус арқылы қатынаған. Ол темір жолдың тиімді тұстары көп екендігін айтады.
“Әсіресе, қысты күндері қиналатынбыз. Жезқазғанның жолы қауіптірек болатын. Енді бұл қиыншылықтар артта қалды. Енді пойызбен еш уайымсыз Жезқазғанға қатынайтын болдық”, - дейді жолаушы Баян Әлімова.
Айта кетейік, екі өңір арасындағы байланысты нығайту мақсатында биыл «Қызылорда-Жезқазған» арасындағы жолды асфальттау жұмыстары басталады.
-
Сайлау-2021: Еxit poll нәтижесі шықты
-
«Нұрлы жол» бағдарламасы: Көлік-логистика инфрақұрылымының дамуы
-
Қазақстанға келетін авиажолаушыларға қандай талаптар қойылады
-
Денсаулық саласы: Бюджет ашықтығы қалай/Халықаралық деңгейде қай салалар бәсекеге қабілетті
-
«Нұрлы жол» бағдарламасының іске асырылуына қанша қаражат жұмсалды
-
«Нұрлы жер», «Бақытты отбасы» бағдарламаларының жүзеге асырылуы: жыл соңына дейін кімдер үй алады
-
Тоқаев министрлерді қабылдады: сауда саласы, «Нұрлы жол», «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары туралы есеп берілді
-
Жүрегінде ақауы бар 90 жастағы әжей ауыр дәрежедегі пневмония ауруын жеңіп шықты
-
Вице-министр: Биыл егін бітік шықты
-
Қазақстанда 630 адам коронавирустан емделіп шықты
-
Қазақстанда тағы 84 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
-
"Инвесторлар мектебі" мен Invest day 2020 іс-шарасының қорытындысы шықты
-
"Еуропа әлемінде" ертегілер кітабы жарыққа шықты
-
2022 жылға дейін әлеуметтік арақашықтықты сақтау талап етілуі мүмкін - министр
-
ФОТОРЕП: "Самұрық-Қазына" еріктілері "Нұрлы жол" станциясының жолаушыларына көмектесті

