- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада өтетін халықаралық конференцияда «Өнімділік-2020» бағдарламасының орындалуы талқыланады
Астанада өтетін халықаралық конференцияда «Өнімділік-2020» бағдарламасының орындалуы талқыланады
«Конференцияда ҮИИД МБ-ның БЭК аясындағы өндірістік қарым-қатынастың екінші бесжылдығын орындау мәселесі мен Қазақстанда өндірістік саясатты жетілдіру жолдарын талқылау жоспарланған», - делінген хабарламада.
Министрліктің айтуынша, конференция жұмысы үш негіз бойынша жүзеге асырылады. Олар: «Өнімділік-2020» Бағдарламасы», «БЭК аясындағы өндірістік саясат», «ҚР-ның индустрияландыруының екінші кезеңі (ҮИИД МБ-2)».
Сонымен қатар, «БЭК аясындағы өндірістік саясат» бірінші секциясында БЭК аясындағы өнеркәсіптік әріптестіктің болашағы мен мәселелеріне қатысты сауалдар, Еуразиялық экономикалық интеграция мен оның Қазақстан экономикасына әсері, Қазақстан мен Ресей, Қазақстан мен Беларусь арасындағы өндірістік кооперацияның дамуы сөз болмақ.
«ҚР-ның индустрияландыруының екінші кезеңі (ҮИИД МБ-2)» секциясының аясында екінші бесжылдықтың индустрияландыру бағдарламасын құру мәселесі ортаға тасталмақ.
Өндірістің саясат құралы ретінде «Өнімділік-2020» Бағдарламасы» Тұжырымдамасын талқылауда Бағдарламаның қазіргі жай-күйі мен оның екінші нұсқасының мазмұны және бағдарламаның тиімділігі төңірегінде әңгіме өрбімек.
Конференция жұмысында Қазақстан Республикасының өндірістің саясатының дамуына қатысты басты мәселелер қаралып, оған Премьер-Министрдің орынбасары, Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев бастаған мемлекеттік орган жетекшілері, отандық өндірістік компаниялардың жетекшілері, ғылыми ұйым мен даму институттары өкілдері, жергілікті атқарушы орган қызметкерлері мен отандық және шет елдік сарапшылар қатысады.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Назарбаев халықаралық әуежайында Ashyq жобасы іске қосылды -
Қазақстандық әнші халықаралық «Яңы моң» музыкалық жобасында бақ сынауда -
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе -
30 жыл: Елордада «Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу өтті -
Шағын және орта бизнес: халықаралық және ішкі ахуал -
22 халықаралық IT-компания Astana Hub қатысушысы атанды