• Басты
  • Жаңалықтар
  • ОСК-ға келіп түскен өтініштердің 70 пайыздан астамы мәслихат депутаттарының сайлауына байланысты

ОСК-ға келіп түскен өтініштердің 70 пайыздан астамы мәслихат депутаттарының сайлауына байланысты

15 Наурыз, 2016 11:48
ОСК-ға келіп түскен 84 (74,3 %) өтініш Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанымен байланысты, деп хабарлады ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

“Олардың ішінде: 58 – жеке тұлғалардан; 8 – БАҚ-тардан; 1 – облыстық мәслихаттан; 8 – қоғамдық бірлестіктерден (олардың ішінде саяси партиялардан); 9 – аумақтық сайлау комиссияларынан”, - деді В.Фоос.

27 өтініш сайлау заңнамасының жекелеген нормаларын түсіндіруге қатысты; 10 – сайлау комиссиялары, кандидаттар және т.б. туралы ақпарат беру туралы; 4 – сайлауды әзірлеу мен өткізу мәселелері жөнінде ұсыныстар қамтиды; 1 – мүмкіндігі шектеулі адамдарға тең қолжетімділік беру туралы болыптабылады.

Ал,  2 – әлеуметтік, тұрмыстық және басқа проблемаларға байланысты сайлауға қатысу мүмкіндігінің жоқтығы туралы; 1 – сайлау процесіне қатысы жоқ (тұрмыстық жағдайларын шешу туралы өтініш); 1 – депутаттыққа кандидаттың сайлауалды үгітті жүргізу тәртібін бұзғанына шағым; 9 – сайлау комиссияларының шешімдеріне, іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдар;      2 – мемлекеттік органдардың, сондай-ақ олардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттеріне шағым; 11 – депутаттыққа кандидатты тіркеумен келіспеу туралы.

Депутаттыққа кандидаттардың және олардың жұбайларының табысы туралы декларациядағы мәліметтердің дұрыс еместігі және мәслихат депутаттығына сайлану құқығын қалпына келтіру туралы 16 өтініш қарау үшін тиісті органдарға жолданды және бақылауға алынды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар