Орталық сайлау комиссиясына 2 ай ішінде 113 өтініш келіп түскен

15 Наурыз, 2016 11:34
Орталық сайлау комиссиясына 2 ай ішінде 113 өтініш келіп түскен, деді Орталық сайлау комиссиясында кандидаттардың, саяси партиялардың және азаматтардың өтініштерін қарау барысы туралы брифинг барысында ОСК төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 49-бабына сәйкес сайлау комиссиясының және оның мүшелерінің шешімдеріне және іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдарды жоғары тұрған комиссия шағым түскен күннен бастап, егер сайлау туралы заңда өзгеше көзделмесе, үш күн ішінде қарайды.

“Азаматтар мен ұйымдардың сайлау заңнамасының бұзылғаны туралы өтініштерін сайлау комиссиялары шағым түскен күннен бастап, егер сайлау туралы заңда өзгеше көзделмеген болса, бес күн ішінде қарайды.  2016 жылғы 20 қаңтар – 14 наурыз аралығындағы кезеңде Ортсайлаукомға жеке және заңды тұлғалардың 113 өтініші келіп түсті.Түскен өтініштердің 29-ы (25,7 %) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау науқанымен байланысты. Олардың ішінде: 9 – қоғамдық бірлестіктерден (олардың ішінде саяси партиялардан), 11 – жеке тұлғалардан, 8 – БАҚ-тардан,        1 – облыстық сайлау комиссиясынан”, - деді В.Фоос.

10 өтініш сайлау заңнамасының жекелеген нормаларын түсіндіруге қатысты; 5 - Парламент депутаттығына дауысқа түсуге ниет білдіру, белгілі бір кандидатты қолдау немесе партиялық тізімдерге енгізу туралы; 1 - Қазақстан халқы Ассамблеясынан депутаттыққа кандидаттың тіркеуін қайтарып алу туралы талаппен; 6 - сайлау комиссиялары мен депутаттыққа кандидаттар туралы ақпарат беру туралы; 1 - сайлау науқаны кезеңіндегі заң бұзушылықтар туралы ақпарат беру туралы; 3 - сайлау процесімен байланысты емес (түрлі әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерді шешу туралы).

В.Фоос атап өткендей, өтініш иелеріне жауаптар берілді. Жеті өтініш қарау үшін тиісті органдарға жолданды.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар