- Басты
- Жаңалықтар
- Р.Шәріпов: Қазақстанда 2016 жылы құс етінің өндірісі 196 мың тоннаға өседі
Р.Шәріпов: Қазақстанда 2016 жылы құс етінің өндірісі 196 мың тоннаға өседі
“Өткен жылдарды бағамдасақ, отандық құс шаруашылығы нық қадаммен қайта жаңғыруға бет алғанын сенімділікпен айтуға болады. Мәселен, отандық құс шаруашылығы белсенді түрде дамыған 1990 жылдары құстың саны 59,9 млн. жеткен. Ал кейінгі 24 жылда оның саны 36,6 млн. дейін құлдилаған”, - деді Р.Шәріпов.
Оның айтуынша, 2016 жылғы болжам бойынша еліміздегі құстың саны 36 млн. құрамақ. Құс етінің сойылған күйіндегі салмағы бойынша жалпы өндіріс 196,0 мың тоннаға жетсе, жұмыртқа өндірісі шамамен 5 млрд. дананы құрайды. Оның ішінде құс фабрикаларында 182 мың тонна ет және 3,6 млрд. дана жұмыртқа шығарылады.
“Жыл санап құс шаруашылығына қарастырылған мемлекеттік қолдаудың деңгейі артуда. Оның арқасында сала қарқынды түрде дамып отыр. Субсидиялау бағдарламасы қолға алынғаннан бері оның көлемі 18 есе көбейтілді. Егер 2014 жылы жұмыртқа өндірісіне 6,7 млрд. теңге бөлінсе, 2015 жылы 9,7 млрд. теңге қарастырылған. Етті құс шаруашылығына 2014 жылы 7,1 млрд. теңге, 2015 жылы– 8,4 млрд. теңге бағытталған.”, - деді ол.
2015 жылы құс фабрикаларының жем-азыққа арналған астықты сатып алуы Ұлттық қордың қаржысынан субсидияланды. Бұл бағытта сатып алытаныт жем-азық астығының тоннасына 7,5 мың теңге көлемінде субсиядың нормативті бекітілді.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды