Солтүстік Қазақстанда автокөлік туризімін дамыту жоспарланған

15 Наурыз, 2016 10:18
СҚО-да ағымдағы жылы Есіл өзенінде мамандандырылған көрме, ақпараттық тур, «Қымыз Фест» фестивалі ұйымдастырушыларымен «Туризм апталығын» өткізу жоспарлануда, деп Кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бастығы Евгений Глотов облыс әкімі Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өткен туризм саласын дамыту және Наурыз мейрамына дайындық бойынша қызметкерлердің алқа мәжілісінде хабарлады.

Оның айтуынша, ең маңызды бағыттардың бірі ақпараттық-имидждік жұмыс болып табылады. Ол «2016 жылға арналған өңірдің туристік әлеуетінің медиа-жоспары» аясында өткізілуде.

«Жақын арада «Travel Bessonoff» Қорған туристік компаниясымен меморандумға қол қойылды. Оларға жарнама материалдары жіберілді және оның барлығы Қорғанда, Екатеринбургте, Челябинск пен Түменде орналасқан компания бөлімшелерінің желісінде орналасады»,-деді Е.Глотов.

Сондай-ақ, ол наурыздың басында Берлин көрмесінде облыстың туристік әлеуеті туралы материалдар таныстырылатындығын, ал осыған ұқсас тұсаукесер Мәскеуде жоспарланғандығын атап өтті.

Аймақ әкімдігінде хабарлағандай, Наурыз мейрамын ұйымдастыру жұмыстарын ішкі саясат басқармағының бастығы Жанат Сәдуақасова айтты.

Оның айтуынша, мереке күні «Наурыз кубогы» атты облыс фестивалінің КВН-ы, киіз үй байқауы, аймақтық ақындар айтысы, концерттер, тетарландырылған спорт  жарыстары мен ұлттық ойындар өтеді.

Петропавл қаласының орталық алаңында этноауыл құрылады, ал облыс Ассамблеясының жанында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай 25 метрлік «Достық дастарханын» көрмемен бірге орнатпақ.

Жаңа әлеуметтік нысандар ашу жоспарланып отыр.

«Мәдениет пен білім саласында барлығы 350 шара өткізу жоспарланған, 90-нан астам шара спорт саласы бойынша болса, 120-ы әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар»,-деді Ж.Сәдуақасова.

Барлық жаңалықтар