• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сингапурда қазақстан-сингапур Сыртқы істер министрліктері арасында кеңес өтті

Сингапурда қазақстан-сингапур Сыртқы істер министрліктері арасында кеңес өтті

15 Наурыз, 2016 09:43
Сингапурда қазақстан-сингапур Сыртқы істер министрліктері арасында кеңес болды.

Қазақстан делегациясын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы Анарбек Қарашев бастап барды. Ал, сингапурлықтарды Қазақстан республикасындағы Сингапур республикасының елшісі Зулкифли Бахарудин басқарды, деп хабарлады ҚР СІМ.

А.Қарашев сингапурлық әріптестерін Қазақстан Республикасының сыртқы саясаттағы басым бағыттары жайында ақпараттандырды. Сонымен қатар, елімізде бес институционалды реформаның жүріп жатқанын, кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау науқаны өткелі отырғанын, Астанада ЭКСПО – 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық жүріп жатқаны туралы хабарлады.

Сингапурлық тарап халықаралық маңызды мәселелерді бірлесіп шешуде ынтымақтастықта жұмыс істеу керектігін, екі ел сыртқы істер министрліктерінің қызметін жаңғырту мәселелерін атап өтті.

Барлық жаңалықтар