- Басты
- Жаңалықтар
- «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы арқасында 3 мыңнан астам адам дәрігерлік көмек алды (ФОТО)
«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы арқасында 3 мыңнан астам адам дәрігерлік көмек алды (ФОТО)
Естеріңізге сала кетсек, 15 ақпан күні шағын стансалар мен оларға таяу орналасқан елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсету үшін «Саламатты Қазақстан» пойызына старт берілді. Медициналық пойыз барлық қажетті диагностикалық аппаратура мен жоғары кәсіби медициналық кадрлармен қамтылған. Оған қоса, мамандар біліктілігі бірінші санаттан кем емес дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлермен қамтылған.
2016 жылдың 16 ақпаннан 11 наурыз аралығында пойыз мамандары Қарағанды облысы Теректі, Түйемойнақ, Шұбаркөл, Қызылжар, Жеңіс, Жомарт, Маңадыр, Қаражал, Атасу, Жарық, Дария, Қарамұрын, Қарабас, Мырза, Шоқай бекеттерінің тұрғындары тексерістен өтті.
2016 жылдың 16 және 25 ақпан аралығында «Саламатты Қазақстан» консультативті-диагностикалық медициналық пойызында Қарағанды облысы Теректі, Түйемойнақ, Шұбаркөл, Қызылжар бекеттерінің тұрғындары тексерістен өтті. Дәрігерлердің қабылдауына келушiлердiң қарасы көп. Бүгінгі күні барлығы 3474 адам, оның ішінде 674 бала тексерілді. Дәрігерлік қаралудан 14001 адам өтті. 28137 диагностикалық процеруда жүргізілді 1986 ішкі органдардың ультрадыбыстық зерттеуі, 1984 бас миының эхоэнцефалография және ультрадыбыстық допплерографиясы, 1380 электрокардиография, 797 көздің ішкі қысымын өлшеу, 1616 рентгенологиялық зерттеу, 307 эндоскопия, 20067 клиникалық-биохимиялық анализ), 114 кіші емханалық ота жасалды. Маммолог дәрігерден 893 әйел қаралды. Стоматологиялық көмек 1357 тұрғынға көрсетілді.
Мемлекет басшысы Жолдауының басым бағыттарының бірі – көлік медицинасын дамыту мақсатында «Саламатты Қазақстан» ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің «Апаттар медицинасы темір жол госпитальдары» акционерлік қоғамы, «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бірлесіп іске қосқан үш медициналық пойызының бірі.
Денсаулық сақтау пойыздары жобасы шалғай елді мекендердің тұрғындарына медициналық көмектің ең жоғары стандарттарын жеткізуге мүмкіндік береді, Қазақстандағы ауыл тұрғындарына жоғары сапалы медициналық қызметті қолжетімді етуге ықпал етеді.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс