- Басты
- Жаңалықтар
- Жобалық және құрылыс ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттау бәсекелестік ортаға берілді
Жобалық және құрылыс ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттау бәсекелестік ортаға берілді
Жобалау және құрылыс процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау бойынша ережелер мен рұқсат талаптары ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығымен реттеледі.
Аттестаттау аттестациялық орталықтарымен жүргізіледі – аккредитация процесін белгіленген тәртіппен өткен заңды тұлғалар.
Өз кезегінде орталықтарды аккредиттауды Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті жүргізеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Лицензиялау мен аттестациялауды мониторингілеу және бақылау басқармасы басшысының м.а. Олжас Құсайыновтың айтуынша, жобалық және құрылыс ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудың мақсаты – жобалау және құрылыс процесіне қатысатын қызметшілердің білім деңгейін арттыру.
Олжас Құсайынов: «Қазақстан Республикасының қолданыстағы халықаралық ынтымақтастық шеңберінде аталмыш шара елдің ішінде және халықаралық деңгейдегі құрылыс нарығындағы қазақстандық компаниялардың бәсекелестігін арттыруға мүмкіндік береді», - деп айтты.
Құрылыстық-монтаждық ұйымдарда аттестаттауға бас инженер, ӨТБ бастығы, учаске бастығы, прораб және шеберлер жатады.
Жобалық ұйымдарда: жобаның бас инженері, жобаның бас сәулетшісі, бас құрылымдаушы, жобаның сәйкес бөлімі бойынша жетекші инженер жобалаушы.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңына сәйкес көрсетілетін қызметтер Стандарттар және Регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
-
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар