- Басты
- Жаңалықтар
- Ә.Исекешев: ҚР-да ғарыш саласының жетістігін қолдану арқылы зияткерлік көліктік жүйе енгізіледі
Ә.Исекешев: ҚР-да ғарыш саласының жетістігін қолдану арқылы зияткерлік көліктік жүйе енгізіледі
Министр атап өткендей, еуразиялық трансконтинентальді көліктік дәлізді құруда 5С ұстанымын жүзеге асыру қажет.
«Біз 5С ұстанымын жүзеге асыруды мақсатқа алып отырмыз. Бұл Елбасы айтқан - еуразиялық трансконтинетальді көліктік дәліздің құрылуы. 5С қамтамасыз етпей, аталмыш жобаны жүзеге асыру қиынға соғады. Біз ақпараттық технологияларды жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс атқарып жатырмыз. Құжаттарды электрондық жүзеге асыруға көшуге мүмкіндік береді», - деді ол.
Оның айтуынша, тиімді транзиттік дәлізді құру Қазақстанға халықаралық көліктік жүйені ықпалдастыруға мүмкіндік береді.
«Бізде төрт серіктестіктің тобы құрылды. Екі жерсерік байланыс пен екі жерді қашықтықтан зондтау жерсерігі. Біз ғарыш технологиясын көліктік логистиканы қамтамасыз ету үшін қолданамыз», - деді министр.
Естерінізге сала кетейік, Астанада ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен ұйымдастырылған «Еуразиялық көлік дәліздері: ынтымақтастықтың жаңа жолдары» атты екінші халықаралық конференциясы өтуде. Шарада Қазақстан, Ресей, Қытай, Иран, Моңғолия, Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан талдамалық ұйымдардың мамандары қатысуда.
Индира Кауметова
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Роза Мұқанова: Президент әр жолдауында саяси жүйенің жаңа формуласын ұсынып жүр -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және МӘМС жүйесі -
Елорда тұрғындарының 82,5%-ы МӘМС жүйесінде сақтандырылған -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
Edtech форумы: Білім беруде инновациялық технологияларды қолдану мәселесі талқыға түсті -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
ІІМ: Балалар қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі, жол ережесі және "Police 102" мобильді қосымшасы -
Зияткерлік олимпиадалар мен конкурстар өткізу процесіне енгізілген өзгерістер