- Басты
- Ә.Исекешев: 2020 жылға дейін Қазақстанда 7000 шақырым автожол салу жоспарланған (ВИДЕО)
Ә.Исекешев: 2020 жылға дейін Қазақстанда 7000 шақырым автожол салу жоспарланған (ВИДЕО)

«Біздің Президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен Жібек жолын жаңғырту арқылы жаһандық ықпалдасу жобалары жүзеге асырыла бастады. Бұл жерде мәселе тек көліктік құрылыс жобалары, темір жол, порт ғана емес, сонымен қатар, басқа да бағыттарды дамыту жобалары бар. Мәселен, қаржы-іскерлік, туристік, индустриалды-технологиялық, авиациялық, яғни, Жібек жолының барлық бағыттарын қамту ісі қолға алынды. Бұл жобалар Қытай бағдарламасының бастамасымен және барлық бірлестіктерді дамыту бағдарламасымен нақыты үйлестіріледі»,-деді министр.
Инвестициялар және даму министрлігінің басшысының айтуынша, «Нұрлы жол» бағдарламасына соңғы жылдары айтарлықтай қаржы бөлінді. Айталық, көліктік саланың жағдайын жақсарту мақсатында 1,5 трлн. теңгеден астам қаржы қарастырылған.
«Бүкіләлемдік экономикалық форумда біз Жаһандық бәсекеге қабілетті рейтинг бойынша 2015 жылы 30-шы орынға көтерілдік. 140 ел қатысатын бұл рейтінгтегі орынымыз айтарлықтай жетістік»,-деп атап өтті ол.
Каспи теңізінің солтүстігіне шығатын Ақтау портын кеңейту, «Қоғас-Шығыс қақпасы» құрлық портын, темір жол желілерін іске қосу, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық құрылыс дәлізі сияқты ірі жобалар аймақтық әлемдік сауда дәліздірі болып есептеледі.
«Жалпы, соңғы 5 жылда 1800 шақырымды құрайтын темір жол, 4500 шақырым республикалық маңыздағы автомобиль жолдары салынып, қайта жаңаланды. Сондай-ақ, 4 әуежайға қайта жаңалу жұмыстары жүргізілді. 2020-шы жылға дейін 7000 шақырым автомобиль жолын салып, қайта жаңырту жоспары тұр. Сонымен қатар, Құрық ауылындағы паромдық кешен құрылысын аяқтауымыз керек. Сондай-ақ, Астана мен Алматы әуежайларының жолаушылар терминалын кеңейту мәселесін бар»,-деп хабарлады министр.
Сонымен қатар, Ә.Исекешевтың айтуынша, көлік инфроқұрылымына, қызмет көрсету деңгейін көтеруге, қауіпсіздік, кедергілерді жою, кедендік процедураларға тиімді менеджементті енгізу мәселелеріне ерекше көңіл аударылуы керек.
Естерінізге сала кетейік, Астанада ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтымен ұйымдастырылған «Еуразиялық көлік дәліздері: ынтымақтастықтың жаңа жолдары» атты екінші халықаралық конференциясы өтуде. Шарада Қазақстан, Ресей, Қытай, Иран, Моңғолия, Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан талдамалық ұйымдардың мамандары қатысуда.
Индира Кауметова
-
2020 жылы Қазақстанның Даму Банкі қаржыландырған кәсіпорындар 1 трлн теңгенің өнімін экспорттады
-
COVID-19: Чехияда төтенше жағдай 14 ақпанға дейін ұзартылды, ал Португалия Ұлыбританиямен әуе қатынасын тоқтатпақ
-
2020 жылы 13 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
Қазақстанда ҰБТ-2021 басталды
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
COVID-19: Аустралия жыл соңына дейін шекарасын ашпайды, Бразилия ресейлік вакцинаны тіркеген жоқ
-
COVID-19: Германия қатаң локдаунды 10 аптаға ұзартты, ал Малазиядағы төтенше жағдай 1 тамызға дейін жалғаспақ
-
Transparency Kazakhstan 2020: Қандай мемлекеттiк мекемелерде жемқорлық фактiсi жиi кездеседi
-
Әлеуметтiк-экономикалық даму-2020: Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі, сауда айналымы және инвестиция
-
Сарапшылар пікірі: «Нұр Отанның» жеңісі – 2020 жылы атқарған жұмысының жемісі»
-
Қазақстандағы сайлау халықаралық стандартқа сай өтіп жатыр – халықаралық бақылаушы
-
Шолу: 2020 жылы өткен әлем елдеріндегі парламент сайлауы
-
2020 жыл қорытындысы: халықты ауыз сумен жабдықтау көрсеткіштері
-
2020 жыл қорытындысы: Ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер
-
Отандық фармацевтиканың дамуы: 2020 жылдың негізгі көрсеткіштері

