Алматыға қосылған аймақтарда газдандыру бағасы төмендеді

14 Наурыз, 2016 18:52
Алматыға қосылған аймақтарда газдандыру бағасы 2 есеге төмендеді.

Қала әкімідігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, егер бұрындары компанияларда мегаполистің бірнеше секторларында газ желілерін шығару мен қызмет көрсетуі 300-600 мың теңгені құраса, 1 наурыздан бастап олар жалпы қалалақы бағамен теңесті.

«Алатау мен Наурызбай ауданадарында «Тауекел Т» ЖШС желісіне қосылу 190 мың теңгені құрайды. Ол жерде газдандыруды шамамен 700 үй қалайды»,-деп хабарландыруда айтылған.

Айта кетейік, жаңа саяси бағаны жасай отырып, компанияда қазіргі нарықтың жағдайы есепке алынды.

I және II топтағы мүгедектер мен Ауған соғысының қатысушыларына қосылуға 30 пайыз жеңілдік жасалады, ал 50 пайыз жеңілдік – көп балалы аналар мен тұрмысы төмен азаматтарға жасалады. Ұлы Отан соғынысынң ардагерлеріне қызмет тегін жасалады.

«Бостандық ауданында «СервисСтройХолдинг» ЖШС-ға әлі газдалмаған 375 уйге осы газ құбырына қосылу 320 мың теңгеге түседі. Қаланың осы бөлігіндегі жоғары шығындар жергілікті газ тарату жүйелеріндегі орта қысымды ерекшеліктеріне байланысты және ол қосымша газ жабдықтарын құруды талап етеді»,-деп хабарландыруда айтылған.

Сонымен қатар газ желісіне қосылудың бағасын төмендету жеке компаниялармен қалалық басқару органдарының өзара іс-қимыл барысында жасалды.

Келіссөздер нәтижелері – мемлекет басшысы халыққа газбен жабдықтауда қол жетімділігін қамтамасыз ету және Алматыда экологиялық жағдайды жақсарту тапсырмасына орай, газбен жабдықтау бағасының тұрақты төмендеу үрдісі болды.

Барлық жаңалықтар