- Басты
- Жаңалықтар
- Д.Қыдырәлі: Біздің ғалымдардың тың еңбектері – Түркі тарихын тануға мүмкіндік береді
Д.Қыдырәлі: Біздің ғалымдардың тың еңбектері – Түркі тарихын тануға мүмкіндік береді
Бүгінгі таңда еліміздің көптеген азаматтары кітапханаларға түрлі деңгейдегі кітаптарын тегін өткізіп жатыр. Бұған ертеден сирек кездесетін бірегей кітаптарды жинаған танымал тұлғалар үлгі болып бастаған еді. Мемлекет қайраткері Тайыр Масұров Шығыс Қазақстан кітапханаларына өзінің жеке коллекциясынан 7 мың кітапты беріп жіберді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы Қуатжан Уәлиев хабарлады. Оның айтуынша, Халықаралық Түркі академиясының Ұлттық академиялық кітапханаға сыйға тартқан ғалымдардың тың еңбектері біздің мемлекет үшін маңызды және зертеушілердің ғылыми еңбектеріне таптырмайтын дерек көздері болары сөзсіз. Бұл түрлі пәндерді қамтыған 90-нан астам кітап. Онда тарих, мәдениеттану, этнология, лингвистика және тағы басқалар бар. Бұл 8 ел ғалымдарының соңғы жылдарда жазған дүниелері. Еңбектер Халықаралық Түркі академиясының тапсырысымен және қолдауымен қазақ, орыс, ағылшын, түрік, әзірбайжан және қырғыз тілдерінде жарық көрді.
«Ұлттық академиялық кітапханаға беріп жатқан кітаптардың арасында сирек кездесетін бірегей жинақтар өте көп. Әсіресе, «Түрік халықтарының жылқы шаруашылығы мәдениеті», «Көне түркілік Алтай республикасының жазба ескерткіштері», «Манас энциклопедиясы» сияқты дүниелерді екеше атап өткім келеді.Өздеріңіз білетіндей біз өткен жылы Қазақ хандығының 550 жылдығына орай көптеген шаралар ұйымдастырдық. Тек Астана қаласында ғана емес, сонымен қатар, Бейжіңде, Қазанда, Анкарада, Стамболда, Бакуде және тағы басқа да қалаларда ұйымдастырдық. Біз Қазақ хандығының 550 жылдығына орай 2 еңбек шығардық. Бұдан бөлек, тарих бойынша 15, лингвистикадан 6, фольклор мен мәдениеттен 13 кітап жарық көрді»,-деді Халықаралық Түркі академиясының басшысы Дархан Қыдырәлі.
Түрлі елдердің ғылыми ортасын біріктіргеннің нәтижесінде Түркі Академиясы аз ғана уақыттың ішінде үлкен жетістікке қол жеткізгенін айтты кездесуге қатысушылар. Кездесуде ғалымдар бұрын айтылмаған көптеген тың деректерді ортаға салды. Мысалы, халық фольклорындағы Ер Төстік батыр Қазақстанның сыртындағы алыс елдерге де танымал екен. Дәл осыған ұқсайтын кейіпкер венгер ертегілерінде де кездесетін көрінеді.
«Халықаралық Түркі академиясын құру туралы шешім 2009-шы жылы Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының IX Саммитінде қабылданған болатын. Бұл ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы. Академияның қайда болуы керектігі туралы көптеген нұсқалар мен ұсыныстар болған. Академияны Астанада ұйымдастыру туралы өте дұрыс шешім қабылданды. Біз академияның 2011 жылы құрылғаннан бері зор жетістіктерге қол жеткізгенін көріп жүрміз. Шығыстану мен түркітануды меңгеретін үлкен орталыққа айналды. Бұған дарынды тарихшы Дархан Қыдырәлі үлкен үлес қосты. Дәл бүгін оның басшылығымен ғалымдардың нәтижелі жұмыстарын көріп отырмыз. Ұлттық академиялық кітапхана керемет құнды кітаптарға қол жеткізді»,-деп атап өтті белгілі мемлекет қайраткері және ғалым Мырзатай Жолдасбек.
Кездесуді қорытындылаған тарих ғылымдарының докторы Д.Қыдырәлі Түркі академиясының жаңалықтары мен жобалары туралы және түрлі түркі халықтарының өмірі жайлы бірнеше тілде ақпарат тарататын www.twesco.org ғылыми-танымдық порталының тұсау кесерін жасады.
Данияр Қасымов
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды