- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі келісілді
Сенаттың кезекті отырысының күн тәртібі келісілді
Сенаторлар Қазақстан мен Кореяның Үкіметтері арасындағы Кореядағы Қазақстан азаматтарының және Қазақстандағы Корея азаматтарының ішкі корпоративтік ауысулар шеңберіндегі уақытша еңбек қызметі туралы келісімді; Азаматтық немесе сауда істері бойынша шетелде дәлелдемелерді алу туралы конвенцияны, Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны және Алименттік міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы хаттаманы; Қазақстан мен Норвегия арасындағы Адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын қарайды. Палата «Пошта туралы», «Лотерея және лотерея қызметі туралы» заң жобаларын да қарайды.
Заңнамаға баланың құқықтарын қорғау; пошта;лотереялар және лотерея қызметі; Қазақстанның «жасыл экономикаға» көшуі; экология; тұтынушылардың құқықтарын қорғау; астық нарығын реттеу мәселелері бойынша түзетулер бірінші оқылымда қаралады. Заңнамаға мемлекеттік қызметтер көрсету және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша түзетулер екінші оқылымда талқыланады.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
Неонаталды скрининг және оны өту тәртібі -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Ауғанстан: күн сайын өзгерген саяси ахуал жайлы -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
ІІМ: Жол ережесі, жаяу жүргіншілердің тәртібі және «Полицейдің бір күні» жобасы -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Сайлау-2021: Кандидаттарды ұсыну тәртібі, кезеңдері және комиссия өкілеттерін нақтылау мәселелері -
Нашақорлықпен күрес күні: Есірткі саудасы, интернет алаяқтық және алдын алу шаралары -
Медицина қызметкерлерi күнi: Сала үздіктері Елбасы кiтапханасында бас қосты