- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Қорғаныс министрі алғашқы қазақстандық патрон зауытының іргетасын қалады (ФОТО)
ҚР Қорғаныс министрі алғашқы қазақстандық патрон зауытының іргетасын қалады (ФОТО)
Қорғаныс министрлігі хабарлағандай, бұл жоба ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысының тапсырмасы бойынша әзірленді.Ұлттық қауіпсіздіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету, қазақстандық өнімді арттыру, сондай-ақ атыс қаруына арналған қолда бар патрондардың қорының азайтылуын назарға ала отырып, ҚР Қарулы Күштерінде анағұрлым сұранысқа ие 5,45*39 мм, 7,62*54 мм, 9*18 мм, 9*19 мм калибрлі патрондарды өндіру бойынша зауыт құру жоспарлануда.
Осы жоба шеңберінде «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының аумағында ғимарат кешені мен патрондық зауыттың құрылысын салу жоспарлануда. Арнайы экономикалық аймақтың аумағында барлық инженерлік коммуникациялар, авто және теміржол көлігі бар. Бұл орталықтандырылған түрде алаңнан тыс инженерлік магистральдарға ішкі алаңдық желілерді қосу, сондай-ақ Қазақстанның кез-келген өңіріне қару-жарақ қоймаларына автомобильді және теміржол көлігімен өнімді шығаруды жүзеге асыру мүмкіндігін береді. Құрылыстың жалпы ауданы 26 400 шаршы метрді құрайды. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2017 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.
«Патрон зауыты ұзақ жылдар бойы ел ішінде шикізат пен материалдар тасымалдауға сұранысты тұрақты қамтамасыз етеді. Жез сияқты қорытпаның 300 тоннасын қолдану аймақтағы мамандандырылған кәсіпорынның жұмысын жандандырады. Арнайы экономикалық аймақ тәртібі жағдайында да қазақстандық патрон зауыты салық түрінде өңірдің бюджетіне жылына 680 млн теңге қаржы түсіреді. Бұл біздің ең қарапайым болжам» - деп атап өтті «Казтехнологии» АҚ басқарма төрағасы Медер Маселов.
Аталған өндірістің жұмысы Қазақстанның ұзақ мерзімді атыс қару-жарағының оқ-дәрілерін өндіретін елдер қатарына енуіне мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде «Казтехнологии» АҚ зауыт өнімін экспорттау бойынша келіссөздер жүргізуде. Атап айтқанда, «Kadex-2016» көрмесі аясында әр түрлі мемлекеттерге өнім жеткізу жөнінде келісімге қол қою жоспарланып отыр.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында атыс оқ-дәрілері шығарылмайтынын айта кетейік. Бұл ретте Қорғаныс министрлігінің мұқтаждығы үшін ағымдағы патрондардағы қажеттілік КСРО-ның құлдырауына дейін құрылған қорлар есебінен жабылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін оқ-дәрілермен қамтамасыз ету үшін қазақстандық шикізат пен материалдар пайдаланылады. Бұл жеткізуші елдерден тәуелсіз болуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің оқ-дәрілермен қамтамасыз етілуі жалпы алғанда, елдің және өңірдің әскери-саяси қауіпсіздігін арттырады.
Патрондарды өндіру бойынша жабдықты канадалық Waterbury Farrel компаниясы жеткізетін болады. Қазақстандық патрон зауыты өндіру қуаттылығы жылына 30 млн. дананы құрайтын патрондарды шығаруға арналған озық құралмен жабдықталады. Технологиялық жабдық инновациялық технологияларды қолдана отырып, әлемдік сапа стандартына сәйкес келеді. Құрастыру және іске қосуды дайындау жұмыстары 2017 жылы өтеді. Монтаждау жұмыстары өндірістік персоналды оқытумен біріктіріледі. Жаңа 164 жұмыс орны құрылады. Осылайша, ауқымды мақсатта қолданылатын оқ-дәрі шығару бойынша кластер құру жоспарлануда.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды