• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан және Иран АӨК саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды жоспарлауда - АШМ

Қазақстан және Иран АӨК саласындағы инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды жоспарлауда - АШМ

14 Наурыз, 2016 19:23
Қазақстандық делегацияның Иранға ресми сапары барысында екі елдің Ауыл шаруашылығы министрлері А. Мамытбеков және М. Ходжати екіжақты ынтымақтастық мәселелерін және Астана қаласында өткізілетін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) Бас Ассамблеясының құрылтайшы сессиясы мен Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы (ИЫҰ) АШМ VІІ конференциясының ұйымдастыру сұрақтарын қарастырып, қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін талқылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлағандай, ресми делегация құрамына ҚР АШМ, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның өкілдері мен қазақстандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері енді («Empire Food» ЖШС, «Астана-бизнес» ЖШС, «Евразия АгроХолдинг» ЖШС, «Хлопковая компания» ЖШС, «Балтик Контрол Казахстан» ЖШС).

Іссапар барысында қазақстандық тарап Иран ауыл шаруашылығын зерттеу институтын және сүт және сүт өнімдерін шығаратын ірі «HEVCO» өндіріс кешенін аралады.

Сапар соңында Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбековтың ауыл шаруашылығы және азық-түлік өндірісі саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында ирандық бизнес өкілдерімен кездесуі өтті.

Барлық жаңалықтар