«Мәңгілік ел» пойызы Шымкент тұрғындарына консультация берді (ФОТО)

14 Наурыз, 2016 16:37
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ақпан айының 15 күні Астана қаласынан «Мәңгілік Ел» поезы» жалпы республикалық акциясы бастау алып, бүгін шырайлы Шымкент қаласына келіп жетті. Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін айшықтайтын әлеуметтік поезда мәдениет және спорт қайраткерлері, Қазақстан халқы Ассамблеясы, мемлекеттік органдар мен ұйымдарының өкілдері және әртістер бар.

Шырайлы шаһарға тоқтаған «Мәңгілік Ел» поезды жолаушыларын қала басшысы қарсы алды. Аталған поездың мүшелері бір күн бойына тұрғындарға медициналық, әлеуметтік мәселелер мен мемлекеттік қызмет көрсету бойынша, бизнес және кәсіпкерлік кеңестер беріп, шара жалғасы, кешке, «Түркістан» сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған концертпен ұласады.

Айта кетейік, қазақстандық патриотизмді қалыптастыруға, қоғамдық келісімді қамтамасыз етуге септігін тигізетін әлеуметтік поездың бағыты 33 шалғай елді мекенде аялдайтын 33 күнді құрайды.

"Мәңгілік ел" поезы" кеше көне тарихи қала - Түркістанға тұрақтаса, бүгін 29-шы аялдамасын Шымкент шаһарына арнап отыр. 

 

Барлық жаңалықтар