- Басты
- Жаңалықтар
- Ұлттық музейде Наурыз мейрамына орай Астана оқушыларына мерекелік іс-шара ұйымдастырылды (ФОТО)
Ұлттық музейде Наурыз мейрамына орай Астана оқушыларына мерекелік іс-шара ұйымдастырылды (ФОТО)
14 Наурыз, 2016 19:38
Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Ұлыстың ұлы күніне орай бастауыш және орта сынып оқушыларына арналған «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік іс-шарасы басталды, деп хабарлайды Ұлттық музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.
Шара аясында мектеп оқушылары театрландырылған қойылым тамашалады. Аңыз кейіпкерлері Қыдыр ата мен Ұмай ана балаларға бата берді, Алдаркөсе мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, әжелерден құралған топ әннен шашу шашты.
Мерекелік жиында қол күресінен, асық атудан, арқан тартудан жарыс өткізіліп, жеңімпаздарға сыйлықтар үлестірілді.
«Армысың, әз Наурыз» мерекелік іс-шарасын өткізудегі басты мақсат – Ұлыстың ұлы күнін тәрбие тетігі ретінде пайдаланана отырып, жас ұрпаққа қазақ халқының бай мәдени мұрасын танытуға, салт-дәстүрін құрметтеуге баулу.
Айта кетейік, Ұлттық музейде Ұлыстың ұлы күніне орай балаларға арналған ертеңгіліктер 14-24 наурыз аралығында өтеді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Ұлттық қордың қаражаты: Кіріс пен шығын өлшемі -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесі номинанттарының шорт-парағы жарияланды -
Е.Салтыбаев: Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы - уақытылы жасалған қадам