Мәдениет және спорт министрлігінде әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды

14 Наурыз, 2016 14:48
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінде әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды. Бұл қызметке ведомства Жауапты хатшысының бұйрығымен Әкімшілік департаменттің директоры Еренай Тілеуұлы Дәржібаев бекітілді, деп ведомствода хабарлайды.

Айта кетейік, әдеп бойынша уәкіл құзырына қызмет әдебінің нормаларын қадағалау және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңдар мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметкерлерінің әдеп кодексін бұзуды алдын алу, мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға өз қызметтерінің шегінде кеңес жүргізу кіреді.

«Еренай Тілеуұлы Дәржібаев бастап мемлекеттік қызмет қатарына кірді. 2014 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Әкімшілік департаментінің директоры болып тағайындалды»,-делінген хабарламада.

Еске салып кетсек, мемлекеттік қызметтің жаңа институтын – әдеп бойынша уәкіл – Елбасының бес институционалды реформасын орындаудың «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде қабылданған Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа Заңымен көзделген.

Барлық жаңалықтар