- Басты
- Е.Қарин: 2016 жыл стратегиялық көліктік-транзиттік жобаларды жүзеге асыруда шешуші кезең болуы керек
Е.Қарин: 2016 жыл стратегиялық көліктік-транзиттік жобаларды жүзеге асыруда шешуші кезең болуы керек

«2016 жылы сарапшылардың болжауынша, өңірдегі көліктік-транзиттік жобаларды жүзеге асыруда шешуші кезең болуы керек. Қазақстанда Батыс Еуропа-Батыс Қытай автомагистралінің құрылысы аяқталды. Бір апта бұрын Өзбекстандағы Ангрен-Пап магистралінің темір жол туннелінің бірінші кезеңі аяқталды», - деді ол.
Е.Қарин айтып өткендей, Орталық Азиядағы транзиттік әлеуетті арттыру бірқатар геосаяси факторларды дамытуға мүмкіндік береді.
«Қазіргі таңда Қазақстан өзіндік көліктік – транзиттік стратегияны әзірлеуде. Ұлттық көліктік стратегияны жүзеге асыру жолдарды жөндеуге ғана емес, бірыңғай көліктік-логистикалық жүйені құруға негізделген», - деді ол.
«Қазақстан жүзеге асырып жатқан жобалар көліктік-транзиттік әлеуетті дамытуға ғана емес, коммуникацияның өңірлік картасын өзгертеді», - деді Е.Қарин.
Айта кетейік, Астанада «Еуразияның көліктік дәлізі: ынтымақтастықтың жаңа жолы» екінші халықаралық конференциясы өтуде, шараны ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Шараға Қазақстан, Ресей, Иран, Моңғолия, Грузия, Әзірбайжан және Қырғызстан сараптамалық ұйымдардың сарапшылары қатысуда.
Индира Кауметова
-
«Рухани жаңғыру»: 4 жылда не өзгерді
-
Жыл басынан бері 4 мыңға жуық этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
-
2021-2025 жылдары СҚО-ны қандай өзгерістер күтіп тұр
-
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас
-
2021 жылғы қаңтар-ақпанда 649 мыңнан астам адам әлеуметтік көмек алды
-
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты
-
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды
-
Ұлттық жоспар - 2025 және халықаралық тәжірибе
-
Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі қалай өзгерді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер
-
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары
-
Пандемияға 1 жыл: Той-томалақ өткізу көбейе берсе, коронавируспен күресіміз жалғаса береді - пульмонолог
-
Қазақстандағы COVID-19: қазіргі эпидахуал, вакцинация, жыл соңына дейінгі болжам
-
Мейрамхан Жәпек, журналист: Әйелдер қосымша білім алудан қорықпау керек
-
Коронавирус дағдарысына бір жыл: Цифрландыру саласында не өзгерді

