- Басты
- Жаңалықтар
- Әскери-техникалық мектептің 150 тәрбиеленушісі әскери ант қабылдады (ФОТО)
Әскери-техникалық мектептің 150 тәрбиеленушісі әскери ант қабылдады (ФОТО)
Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы бастығының орынбасары подполковник Тимур Сымайылов жаңадан келген сарбаздарды осынау атаулы күнмен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Жас жауынгер курсы армиядағы мерзімді қызметті алмастырады. Курс аяқталысымен түлектер әскери билетке қол жеткізеді. 22 мен 27 жас аралығындағы курсанттарды атқыш, гранатаатқыш және оқшашаршы мамандығына оқытты. Республика бойынша «ҚР ҚМ Әскери-техникалық мектебі» РМКК-ның 15 филиалы бар.
Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ақпараты бойынша өңірдегі бір айлық курсты аяқтаған, ант қабылдаған 58 адам Қарулы Күштерде, Іщкі істер министрлігінде және өзге де әлеуетті құрылымдарда қызмет жалғастыруға ниет білдірді. Қалғандары әскери-оқытылған резервті құрайды және бес жылда бір рет әскери жиындарға тартылады.
«Отанымыз сендерге жауынгерлік қаруды сеніп тапсырып, Қазақстанның бейбітшілігі мен халықтың тыныштығын қорғау жоғары мәртебесін ұсынды. Әскери қызмет ешқашан оңай болған емес, бірақ, әрқашан құрметті», - деп подполковник Тимур Сымайылов қадап айтты.
Әскери-техникалық мектептің тәрбиеленушілері алған дағдыларын, қарумен және қарусыз саптық айла-тәсілдердің элементтерін паш етіп, салтанатты маршпен жүріп өтті. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде қызмет етуге жүздеген жасөспірімді 15 жыл бойы дайындап келген «Әскер» әскери-патриоттық клубының үйренушілері қоян-қолтық ұрыс бойынша көрсетпелі көрсетілімді алғаш рет көрсетті. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған іс-шара патриотизмнің деңгейін арттыруға, Қарулы Күштердің имиджін көтеруге бағытталған. Мемлекеттік құжат болғаннан кейін әскери ант әскери қызметшілерден әскери қызметтің міндеттерін мінсіз орындауды, сеніп тапсырылған қару мен жауынгерлік техниканы шебер қолдануды талап етеді.
-
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Магистратура/докторантура: Құжат қабылдау мерзімі ұзартылды -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада карантин талаптары жеңілдетілді -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
COVID-19: Сингапурде антиковидтік шаралар күшейтілді, ал Ұлыбританияда коронавирустық жағдайлар 15%-ға артқан -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
Алматыда тәулігіне 1500- ден астам адам коронавирус жұқтыруда -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған