Ақтөбе облысында ЭСҚ пайдаланушылар саны 3 есеге өсті

18 Қараша, 2013 09:33
Ақтөбе облысында «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттк бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметті тұтыну үшін ЭСҚ пайдаланатындардың саны 3 есеге дейін өсті, деп хабарлайды облыстың ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметі.

«Өткен жылы электронды үкіметтің аймақтық шлюзін көбейту жұмыстары жүргізілді. Осының арқасында ауыл тұрғындары аудандық білім бөлімі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру, тұрғын үйкоммунальдық шаруашылығы бөлімдері және мемлекеттік мұрағаттар электронды қызметін пайдалануға мүмкіндік алды.Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы 9 айда мемлекеттік қызметті алу үшін электронды-сандық қолтаңбаларды пайдаланушы азаматтар саны 3 есе өсіп, 58307 адамды құрады», - делінген хабарламада. 

Облыста «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарлама аясында ақпараттық технологияларды дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Осы мақсатта 2013 жылы облыс бюджетінен 151 млн. 700 мың теңге бөлінді, өткен жылы бұл көрсеткіш 99 млн. 489 мың теңге болған еді.

Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету ақпараттық жүйесі және «Қайнар» электронды мекеме аралық өзара іс-қимыл жүйесі, электронды құжат айналым жүйесі, жергілікті атқарушы органдарда облыстың электронды әкімдігі жұмыс жасайды.

Айта кету керек, Мемлекеттік органдардың интернет-порталға 20 мемлекеттік мекеме, электронды әкімдік 56, электронды құжат айналым жүйесі 49, халыққа қызмет көрсету орталығы ақпарат жүйесі 95, «Қайнар» электронды мекеме аралық өзара іс-қимыл жүйесінің 12, қосылған.

Барлық жаңалықтар