- Басты
- Жаңалықтар
- Т.Дүйсенова: Еңбек ресурстары қазіргі дағды мен білімге сәйкес келуі тиіс
Т.Дүйсенова: Еңбек ресурстары қазіргі дағды мен білімге сәйкес келуі тиіс
«Жобаның маңыздылығы, ол ағымдағы жылдың қаңтар айында Парижде 42 ел министрлігінің қатысуымен конфкеренция өтті және ол жерде халықты жұмыспен қамту мәселелерін талқыладық. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы тарапынан ақпараттар ұсынылды – ЭЫДҰ елінде 41 млн адам жұмыссыз отыр. 40 млн-нан астам жастар да жұмыссыз. Оның ішінде 20 млн-ы жұмыс іздемегендер, жоғары білімдері жоқ немесе олардың білімдері қойылған талапқа сәйкес келмейді»,-деді ол.
Т.Дүйсенованың айтуынша, талқылау барсыныда ғалымдар «қазір болып жатқан жұмыссыздық мәселесі тек жаңа экономиканың жағдайына ғана байланысты болмай, нарықта қойған талаптарға сәйкес көбінің білімдері сай келмейді» деп айтып өтті.
«Сол себепті еңбек рестурстары қазіргі дағды мен білімге сай келуі тиіс. Осыған орай, Дүниежүзілік банкпен іске асырып жатқан жобамыз осы мәселеге араналады»,-деді министр.
Айта кетейік, жоба 2014 жылы мамыр айында ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тобымен келісілген Негіздемелік әріптестік келісімді іске асыру барысында жүзеге асырылуда.
«Біздің жоба үш элементтен тұрады. Бұл - ұлттық біліктілік жетілдіру, кәсіби стандарттар мен білім беру стандарттарын әзірлеу. Кәсіби стандарттар – жұмыс берушілердің өз қызметкерлеріне техникалық талаптары. Білім беру стандарты – ол білім беру жүйесі кәсіби стандартттарға сәйкес, жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес оларды дайындау. Үшіншісі - біліктілік жүйесін тәуелсіз бағалауға енгізу»,-деді Т.Дүйсенова.
Министрдің айтуынша, экономикалық дамудың келешегіне жауап ретінде жобаның нәтижесінен бірлескен біліктілік жүйесін құру күтілуде.
«Осы жобаға сәйкес, ендігі күні орта немесе жоғары оқу орындарында оқытудың кәсіби стандарттарын дайындалады. Осы үш талаптарға сәйкес, біздің серіктес Дүниежүзілік банк болып табылады. Біздің бірлескен жұмыс Қазақстанда тиісті біліктілік жүйесін қамтамасыз етіп, бідің экономикамызға керекті кадрларды алатын боламыз»,-деді министр.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады