• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта мұнай өнімдерін өндіру мен айналдыруды реттеу туралы заң жобасына өзгертулер енгізу қаралды

Сенатта мұнай өнімдерін өндіру мен айналдыруды реттеу туралы заң жобасына өзгертулер енгізу қаралды

14 Наурыз, 2016 11:13
Сенаттың экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің кеңейтілген отырысында «ҚР мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымға шығаруды мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі қаралды.

Заң жобасына ҚР Парламент депутаттары бастамашы болған. «ҚР мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымға шығаруды мемлекеттік реттеу туралы» заң жобасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Талқылау барысында 5 тармақтың 574-ші бөлімі бойынша ірі мекемелер мұнай өнімдерін жанар май құю стансаларының шағын және орта бизнес субъектілеріне сата алатындай Салық кодексіне толықтыру керектігі айтылды.

«ҚР мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымға шығаруды мемлекеттік реттеу туралы» Заңның 12 тармағына мұнай өндірушілердің міндеттерін айқындайтын өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, ҚР Энергетика министрлігіне мұнайөңдеуші зауыттардың ірі қуатты өндірістік көрсеткіштерінің негізін және олардың  сипатын, қондырғыларын қолдануда  технологияның сақталуын  құқықтық тұрғыда бекіту ұсынылды.

Заң жобасы жоғарғы палатаның поенарлық отырысында қаралатын болады.

Анара Таныркулова

 

 

Барлық жаңалықтар