• Басты
  • Жаңалықтар
  • Г.Әбдіқалықова: Қазақстанның мақсаты бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған

Г.Әбдіқалықова: Қазақстанның мақсаты бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған

14 Наурыз, 2016 11:04
БҰҰ Әйелдер ахуалы жөніндегі комиссияның 60-сессиясына қатысуға келген Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың Америка Құрама Штаттарындағы жұмыс сапары жалғасуда, осы күндері Нью-Йорк қаласында өтіп жатқан жиында ол әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселесі бойынша баяндама жасайды.

Мемлекеттік хатшы Вудро Вильсон атындағы Халықаралық ғылыми орталығы Кеннан Институтының директоры Мэтью Роджанскимен кездесуде Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық даму, жаңғырту және реформалардың өзекті мәселелері талқыланды. Кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова біздің түпкілікті мақсатымыз бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, мемлекеттің және қоғамның ұзақмерзімді дамуымен өзектесіп жатқанын атап өтті.

Жаһандық әйелдер мәселелері жөніндегі АҚШ Елшісі Кэтрин Расселмен кездесуде Гүлшара Әбдіқалықова 2016 жылы Қазақстан Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелейтінін атап өтті. Ширек ғасыр ішінде еліміз табысты экономика, орнықты саяси және әлеуметтік жүйе қалыптастырды.

Сонымен қатар осы  жылы  екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына да 25 жыл толып отыр. Гүлшара Әбдіқалықова тараптардың қарусыздандыру және қаруды таратпаудағы, демократиялық тректегі, энергетикалық, сауда-экономикалық, гуманитарлық ынтымақтастықтағы және басқа да жетекші салалардағы  стратегиялық серіктестіктің маңыздылығына тоқталды.

Гүлшара Әбдіқалықова Әйелдер жаһандық саммитінің президенті А.Нативидадпен кездесуде әйелдердің елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ролін күшейту, мәртебесін арттыру және олардың шешім қабылдау процесіне қатысу белсенділігін арттыру мәселелерін қарады.

Мемлекеттік хатшы іскер топтармен өткен түскі  жұмыс асы барысында Қазақстанмен АҚШ-тың одан әрі сауда-экономикалық ынтымақтастығы, екі ел арасындағы іскер және инвестициялық климатты жақсарту мәселелері қаралды

АҚШ-қа ресми сапары аясында Вашингтонда өткен кездесулер соңында Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгресс өкілдерінің, бизнес элитаның, дипломатиялық корпустың және АҚШ-тың қоғамдық топтарының қатысуымен өткен «Наурыз мейрамы» мерекелік кешіне қатысты.

Барлық жаңалықтар