- Басты
- Жаңалықтар
- Еңбек машықтарын дамыту мен жұмыс орындарын ынталандыру бойынша жоба басталды
Еңбек машықтарын дамыту мен жұмыс орындарын ынталандыру бойынша жоба басталды
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, шараға денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, білім және ғылым, қаржы министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және ҚР Кәсіподақтар федерациясының өкілдері қатысты.
Аталған жоба 2014 жылғы ҚР Үкіметі мен Дүниежүзілік банк тобының Серіктестік туралы шектелмелі келісімін жүзеге асыру аясында іске асырылатын болады.
Көрсетілген келісімге сәйкес, бірқатар жобаларды халықаралық қаржылық ұйымдармен бірге іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі (100 млн. АҚШ доллары) мен республикалық бюджеттің ортақ қаржыландыруы (37 млн. АҚШ доллары) есебінен жүзеге асыру жоспарланып отырған «Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы да бар.
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісім («Еңбек машықтарын дамыту және жұмыс орындарын ынталандыру» жобасы) 2016 жылғы 5 ақпанда ҚР Заңымен ратификацияланды.
Жоба мақсаты:Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту, техникалық және кәсіптік білім беру, жоғарғы білім беру бағдарламалары мен оқыту өзектілігін арттыру;мақсаттық бенефициардың еңбек машығы мен жұмыспен қамтылуы саласындағы көрсеткіштерін жақсарту, еңбек нарығында талап етілетін біліктілігі бар жоғары білікті мамандарды дайындау.
Жобаны жүзеге асырудан күтілетін нәтиже – экономикалық дамудың перспективалы міндеттеріне жауап беретін, жоғарғы технологиялы өндіріс ерекшеліктеріне сай заманауи біліктілік жүйесін құру, сонымен бірге, нарықтағы сұраныс пен ұсыныс сәйкессіздігін төмендететін еңбек нарығындағы ұсыныстарды қазіргі таңдағы сұранысқа сай дамыту.
Жобаны 2020 жылғы 30 маусымда аяқтау жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылғы 15 наурызда Астанада денсаулық сақтау және әлеуметтік даму, білім және ғылым, қаржы министрліктерінің, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері үшін жобаны жүзеге асыру бойынша семинар өткізіледі.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері