• Басты
  • Жаңалықтар
  • Алғаш рет ҚР монополияға қарсы заңнаманың бұзылу фактілері ашық алаңда қаралды

Алғаш рет ҚР монополияға қарсы заңнаманың бұзылу фактілері ашық алаңда қаралды

14 Наурыз, 2016 17:42
ҚР ҰЭМ-нің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінде монополияға қарсы заңнаманы бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың жобаларын оның толықтығына, сондай-ақ онда келтірілген дәлелдемелердің сапасы нысанына қарау бойынша монополияға қарсы органның жанындағы Келісу комиссиясының 1-отырысы өтті.

Ведомство хабарлағандай, ҚР мемлекеттік органдарының практикасында алғаш рет монополияға қарсы тергеп-тексерулер қорытындысы бойынша шешімдер қабылдау рәсіміне мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері мен бизнес субъектілері – бұл Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Бәсекелестік саясатты дамыту және қорғау орталығы, оның ішінде іс-әрекеттері тергеп-тексеру нысанасы болып табылған субъект тарапынан сарапшылар тартылды.

ТМР ж БҚК-нің төрағасы Серік Жұманғарин атап өткендей, Келісу комиссиясын құру ҚР Президентінің ҚР-ның монополияға қарсы қызметінің жұмысын ЭЫДҰ стандарттарына сәйкес жаңғыртуға қатысты тапсырмасына орай іске асырылатын негізгі жаңалықтардың бірі болып табылады. Комиссия жұмысының мәні – шешім шығару және тергеп-тексеру объектісін ықтимал жазалау алдында жүргізілген тергеп-тексеруді ашық талқылау. 

«Комиссия мүшелері қабылдайтын шешімдердің ұсынымдық сипатта болуына қарамастан, мен орган басшысы ретінде Регламентке сәйкес қабылданған Комиссия ұсынымдарының мүлтіксіз орындалатынына кепілдік беремін», - деді Серік Жұманғарин.

Отырыс барысында тарату газ құбырларына, үй ішілік газ желілері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету бойынша шарттар жасасуды күштеп таңу бөлігінде «РЦКУ-Костанай» ЖШС-ның үстем жағдайын теріс пайдалану фактісі бойынша қорытынды жобасы қаралды.  

Отырыс қорытындысы бойынша Комиссия мүшелері монополияға қарсы органға үстем жағдайды теріс пайдалану фактісі бойынша «РЦКУ-Костанай» ЖШС-ға қатысты тергеп-тексеруді тоқтатуды ұсынды, себебі ЖШС өкілдері талқылау барысында представители осы салада ҚР заңнамасының бұзушылық болмағанын дәлелдеді.   

Алайда, Комиссия жосықсыз бәсекелестік фактісі бойынша басталған тергеп-тексеру шеңберінде қолда бар мәліметтерді зерделеуді ұсынды. Комиссия отырысында айтылған фактілер тұтынушылардың тиісті қызметтерді көрсететін ұйымды еркін таңдау құқығына қысым жасалғанын куәландырады. 

Айта кетейік, келісу комиссиясы монополияға қарсы ведомствоның консультативтік-кеңесші органы болып табылады. Комиссия алғаш рет ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 224-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасын бұзушылықтарды тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытындылардың жобаларын тергеп-тексеруге қатысатын адамдарды отырысқа шақыра отырып қарау мақсатында құрылды.

Тергеп-тексеру аяқталғанға дейін тергеп-тексеру объектісінің монополияға қарсы органға жүгінуге және тергеп-тексеру нәтижелері бойынша қорытынды жобасымен танысуға және қорытындыға келісетіні/келіспейтіні туралы өз тұжырымын білдіруге құқығы бар. Келісу комиссиясының құрамында монополияға қарсы орган қызметкерлерінен басқа, тергеп-тексеру объектісі тарапынан шақырылған сарапшыларды қоса алғанда, тәуелсіз сарапшылар бар.

 

Барлық жаңалықтар