- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодарлық кәсіпорын фармацевтикалық зауыттың жаңғыртылуы мен құрылысына мемлекеттік қолдау алды
Павлодарлық кәсіпорын фармацевтикалық зауыттың жаңғыртылуы мен құрылысына мемлекеттік қолдау алды
«Даму» қоры хабарлағандай, 2016 жылдың 6 ақпанында «Ромат» компаниясына 24 жыл толды. Бұл уақыт ішінде Семей қаласындағы шағын дәріханадан бастап, ірі фармацевтикалық холдингке айналған «Ромат» - құрылымының ерекшелігі жағынан ТМД-дағы дара кәсіпорын. Компания дәрілік препараттарды дайындап, өндіруден бастап тұтынушы үшін ақырғы нүкте болып саналатын дәріханаларға жеткізу ісімен толық айналысады. «Ромат» ИСО 9001-2001 сапа мен менеджменттің халықаралық стандарттарын енгізген алғашқы кәсіпорындардың бірі.
Компания өндірісін әлемнің атақты өндірушілерінің заманауи құралдарымен жабдықталған 3 ірі зауыт қамтамасыз етеді. Павлодар фармацевтік зауытынан дәрумендер, микробқа қарсы, жүрек-қан тамырларын емдейтін, қызу түсіретін, туберкулезге қарсы, диабет ауруына шалдыққандарға арналған дәрі түрлері шығарылады. Семей қаласындағы медицина препараттарын шығаратын зауыт құрамында: инфузиялық, гален-қаптау және ферментативті дәрмектер, гематоген шығаратын цехтар кіреді. Зауытта Пептон, Панкреатин және түрлі қоспалар бар Гематоген мен Пантогематоген сияқты ерекше препараттар шығарылады. Семей қаласындағы медицина бұйымдарын жасайтын зауыт үш қырлы қылып жасалған үшкомпонентті лазер инелерін шығарады. ДДҰ ұсынған өздігінен қорғаныш қалпына қойылатын қауіпсіз егу инелерін шығару да жүзеге асырыла бастады.
Компанияның өсіп, дамуы мемлекет қолдауынсыз мүмкін емес еді. 2010 жылы «Роматтың» фармацевтикалық зауыт салу және қайта жаңғырту жөніндегі 3 өнеркәсіптік жобасы мемлекеттің үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енді. «БЖК 2020» бағдарламасының кәсіпкерлік саланы сауықтыру бағыты аясында сыйақы мөлшерлемесін төлеу шығындарына субсидия берілді.
Компанияның болашақтағы даму стратегиясын дайындауда бас директор Марат Оразғалиевтың «Орта және шағын бизнес топ-менеджелерін оқыту» бағдарламасы бойынша білім алғаны да көп септігін тигізді. Сондай-ақ басшы бағдарлама аясында АҚШ-та тәжірибеден де өтіп келген болатын.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер