Көкшетауда отбасылық командалар жарысы өтті

14 Наурыз, 2016 20:42
Көкшетауда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жол толлуына орай отбасылық командалар арасында жарыс ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық Ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».

Жарыстың өтуіне Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мұрындық болған. Ұйымдастырушылардың атап өтуінше, жарысты ұйымдастырудағы негізгі мақсат тұрғындардың барлық топтарын жарысқа қатыстыру, барлығының спортпен айналысуларына ықпал ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру.  

«Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 7 команда шықты. Жарыс тек командалық күшпен жеңіске жететіндей эстафета түрінде өтті. Әрбір қатысушы өзінің барлық күшін салып, мүмкіндігін көрсетуі керек болды. Барлық команда белсенді қатысып, өздерінің мықтылықтарын көрсетті»,-делінген хабарламада.

Жарыс қорытындысы бойынша, 3-ші орынды №11 орта мектептің өкілдері иеленді. 2-ші орын №2 мектептен қатысқан отбасыға бұйырды. Ал, жеңімпаз команда №21 орта мектептен шыққан Сыздықовтар отбасы болды. 

Барлық жаңалықтар