ITB Berlin 2016 көрмесінде Қазақстанның туристік мүмкіндіктері таныстырылды

14 Наурыз, 2016 10:46
2016 жылдың 9-11 наурыз айларында Қазақстандық делегация ҚР инвестициялар және даму министрлігі құрамымен және «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ, әкімдіктер мен ірі туристік компаниялар ITB Berlin-нің 50-ші халықаралық туристік көрмесіне қатысты, деп ҚР СІМ хабарлайды.

2016 жылы 9 наурыз күні ITB көрмесінде қазақстандық стенд таныстырылды. Көрмеде Германиядағы Қазақстанның елшісі Болат Нүсіпов және Германия Бундестагының Туризм комитетінің төрағасы, депутат Юрген Климке құттықтау сөзін сөйледі.Қазақстандық дипломат қатысушыларды елімізде өткізілген экономикалық реформалар мен Қазақстандағы туризмді дамыту саласындағы қазіргі заманғы үрдістерді айтып өтті.

«Неміс парламентарияты өз кезегінде ЭКСПО-2017 халықаралық арнайы көрмесін өткізер қарсаңында Қазақстанның тусристік потенциалын жоғары бағалады»,-деп хабарландыруда айтылған.

Осы күні қазақстандық делегация Жібек жолы Дүниежүзілік туристік ұйым туризм министрлерінің 6-шы отырысына қатысты. Ол жерде «Халықаралық көрме ЭКСПО-2017: Ынтымақтастық мүмкіндіктері» атты баяндамасын таныстырып, қатысушыларды қазақстандық туризм әлеуеті туралы хабардар етті, сонынмен қатар мемлекет тарапынан елдің туризм инфрақұрылымын қолдау және дамыту қадамдарын айтты.

Министрлік кездесуде Жібек жолының тақырыптық туристік бағыттарын дамытудағы оң тәжірибесі, тиімді бағыттарды насихаттау және маркетинг мүмкіндіктері, инфрақұрылым мұрасы, аймақтағы ірі шаралар, көлік бағыттары және басқа да мәселелер талқыланды.

2016 жылдың 11 наурызында «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ мен BerlinMesse неміс компаниясының  ұйымдастыруымен «ЭКСПО-2017 аясында туризмді дамыту» роуд-шоуы болды. Өз сөзінде Б.Нүсіпов негізгі мақсаттар мен Ұлт жоспары «Бес институциналды реформаны дамытудағы 100 нақты қадам» тапсырмаларымен, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатымен таныстырды. Ерекше назар Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында ынтымақтастыққа бөлінді.

Шара барысында ҚР ИДМ Индустрия туризм Департменті, «Астана ЭКСПО-2017»ҰК» АҚ және қазақстандық туримз фирмаларымен Астанада өткізілетін ЭКСПО-2017 көрмесіне орай, германия компанияларына жаңа инвестициялық мүмкіндіктердің жеке таныстырылуы ұйымдастырылды, соынмен қатар көрменің әлеуетті демеушілерімен келіссөздер жүргізіледі - Terranex және Vestasнеміс компаниялары, көрмені өткізу кезінде герман туроператорларымен ҚР-да неміс туристерін  тарту мәселесі.

Айта кетейік, ITB Berlin әлемдегі ең ірі көрмелердің бірі болып саналады. Ол жыл сайын Германия астанасының Мессе Берлин үлкен көрме кешенінде өткізіледі. Осы жылы көрмеге 115 мыңнан астам туризм саласындағы арнайы мамандар, 50 мың келушілер қатысты. 185 елдің 10 мыңнан астам түрлі стендтері таныстырылды. 

Барлық жаңалықтар