• Басты
  • Жаңалықтар
  • БЖК: Жамбыл облыстық макарон өндіретін кәсіпорын өнімнің 70 түрін шығара бастады

БЖК: Жамбыл облыстық макарон өндіретін кәсіпорын өнімнің 70 түрін шығара бастады

14 Наурыз, 2016 10:28
«Rola-7» кәсіпорыны Жамбыл облысы Байзақ ауданына қарасты Қызыл Жұлдыз ауылында орналасқан. Компания қысқа уақыттың ішінде аймақтағы ұн өнімдерін шығаратын ірі кәсіпорынға айналып шыға келді. Фабрикада 40-қа жуық өнім түрі шығарылады. Өнімділік қуаты тәулігіне 30 тонна, деп хабарлайды «Даму» қоры.

Жақында ғана кәсіпорынды қайта жабдықтау жұмыстары жүргізілді. Айталық қазандығы мен қондырғының екі түрі жаңаланды. Толқынды кеспе желісі құрылды. Ал, қазір түзу кеспе желісі орнатылуда. 155 жұмысшының 95 пайызы Байзақ ауданының тұрғындары. ЖШС-де жұмысшылар үшін барлық жағдай жасалған. Тіпті үш уақыт ыстық тамақ беріледі.

«Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорын 165,5 млн. теңге несие алған. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде фабрика басшылығы осы жылы өнімнің тағы 28 түрін шығаруды жоспарлап отыр. Жақын арада Жамбыл облысының дүкен сөрелерінде жергілікті тез дайындалатын кеспе, ұн мен ұнтақ жарма өнімдері сатыла бастайтын болады. Өнім ешқандай қоспасыз табиғи таза шикізаттардан дайындалады.

Еске сала кетейік, «Rola» сауда маркасымен шығып жатқан өнімдер Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қаласында сатылады. Фирма ең төменгі бағаны ұстауға тырысып келеді.

Барлық жаңалықтар