- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай дәстүрлі онкүндік жарияланады
Шығыс Қазақстанда Наурыз мерекесіне орай дәстүрлі онкүндік жарияланады
Бұл жайлы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар мәлімдеді.
«Наурыз мерекесінің өту барысы да өзге шаралардай еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылып отыр. Мерекені атап өтудегі басты мақсат, елдегі бейбітшілік пен келісімді нығайтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған. Жоспар бойынша, ай көлемінде аймақта дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды сақтауға және нығайтуға арналған 600-ға жуық шара өтеді», – деді Жақсылық Омар.
Мерекелік шаралар легі 13 наурызда «Ырыс күні» желеуімен ұйымдастырылатын ауыл шаруашылық жәрмеңкелер мен концерттік бағдарламалар өтуімен басталады.
14 наурызда «Дәстүр күні» атты ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі мен шеберлердің қатысуымен кездесулер өтеді.
Ал 15 наурыз күні, «Жаңғыру күні» аймақ перзентханаларында салтанатты түрде туу туралы куәліктер табысталатын болады.
Наурыздың 16-шы жұлдызында «Көктем шуағы» атауымен түрлі флеш-мобтар, жасөспірімдер қатысуымен концерттер өтеді.
17 наурыз, «Қамқорлық күнінде» жастар қауымы тыл, еңбек және соғыс ардагерлерін мерекелерімен құттықтайды.
Келесі күні «Жаңару күнінде» қала тұрғындары сенбілікке шығып, қала көшелері мен саябақтарды қалыпқа келтіреді.
19 наурызда «Жарасым күні», білім ордаларында үздік шығармалар мен өлеңдер арасында байқау жарияланып, кітапханаларда Наурыз мерекесінің тарихымен таныстыратын әдеби кештер өтеді.
«Қуаныш күнінде» қаланың орталық көшелері, денсаулық сақтау, білім, орындарының мекемелері әрлендіріледі.
21 наурызда «Шаттық күні», ән, би байқаулары, айтыс өтіп, түрлі шығармашылық қайраткерлерімен кездесулер өтеді.
Ал 22 наурызда «Ұлыс күнінде» негізгі мерекелік шаралар: көкпар, күрес, қызқуу сынды ойындар, «Ең үздік киіз үй» байқауы сынды сайыстар мен түрлі байқаулар өтеді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының отырысы өтіп жатыр -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады