• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мадридте Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтары жарияланды

Мадридте Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтары жарияланды

14 Наурыз, 2016 08:57
Испаниядағы Қазақстанның елшілігі және «Diplomacia Siglo XXI» журналы Мадридтегі Еуропалық Комиссия өкілдерінің қолдауымен «ЕО пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың басымдылықтары мен келешегі» атты конференция өткізді. Конференцияға атақты қоғам қайраткерлері, саясаткерлер, дипломатиялық корпустар, ғалымдар, түрлі компаниялардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.

Конференция аясында ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық және серіктестікті кеңейту туралы Келісім, ҚР кондидаттарының тұрақты емес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі, Қазақстандағы инвестициялық жағдай және екі жақты қазақстанды-испандық қарым-қатынас мәселелері талқыланды, деп ҚР СІМ хабарлайды.

Арнайы баяндамаларын Испанияның СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, Орталық-Азия орталығының кураторы Мануэль Ларротча, Еуропа Комиссиясының өкілі Димитри Баруа, Сан Пабло университетінің профессоры Хосе Луис Орея, Maranta International Consulting» Бас директоры Альберто Паскуаль, «Talgo» Хосе Еуропа мен Африка компаниялары бойынша Департамент директоры Хосе Мария Алварес Бадийо таныстырды. Конференцияның мотераторы ретінде Diplomacia Siglo XXI» журналының директоры Сантьяго Бело сөз сөйледі.

Испаниядағы Қазақстанның елшісі Бақыт Дюсенбаев өз сөзінде екі халықа арасындағы стретегиялық қарым-қатынасты атап өтті. 2015 жылы желтоқсан айында қол қойылған ЕО мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық пен кеңейтілген серіктестік туралы Келісімнің маңыздылығын айтты.

Елшілік 2017-2018 жылдарға Қазақстанның тұрақты емес БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болуға берген өтінішін басымдықтарын жариялады, Испанияға Қазақстанның кандидатурасын қолдағандарына алғысын білдірді.

«Б.Дюсенбаев өз сөзінде конференция қатысушыларынаБҰҰ-ның қамқорлығымен Мемлекет басшысының Жаһандық терроризмге қарсы колацияны құру туралы бастамасын хабарлады»,-деп хабарландыруда айтылған.

Өз сөздерінде испандық серіктестер саяси тұрақтылықты, қолайлы инвестициялық климатты, халықтың діни және этникалық шыдамдылығын, Қазақстанның бай мәдени және тарихи мұрасын айтып өтті. 

Барлық жаңалықтар