- Басты
- Жаңалықтар
- «Спасск» полигонында офицер-командирлердің жиыны өрістетілді (ФОТО)
«Спасск» полигонында офицер-командирлердің жиыны өрістетілді (ФОТО)
20-дан аса офицерге өзінің теориялық дайындығын көрсетіп, командирлердің негізгі әскери пәндері, яғни, әскери педагогика, психология, халықаралық гуманитарлық құқық бойынша білімдерін шыңдауға тура келеді.
«Жиын барысында офицерлердің жоғары моральдық-жауынгерлік қасиеттерін, моральдық-психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруға, заманауи ұрыстың шынайылығына сәйкес шығармашылық ойлау мен бастамашылдықты дамытуға ерекше мән беріледі», - деп жиын жетекшісі Юрий Асқаров түсіндірді.
Оның айтуынша, бұл сабақтар «Астана» өңірлік қолбасшылығы бөлімдері мен бөлімшелерінің ұдайы жауынгерлік әзірлігін ұстап тұруға көмектеседі. Мұндай жиынның арқасында әскери қызметшілер өздерінің функционалдық міндеттерін шебер әрі сенімді орындау үшін кәсіби даярлықтарын шыңдайды. Сонымен бірге офицерлер, батальон командирлері мен штаб бастықтары үшін жиын өткізу – бұл теориялық білімді бекітудің, негізгі оқыту пәндері бойынша басшылық құжаттардың талаптарымен танысудың, сондай-ақ қызметтік тапсырмаларды жүзеге асыру үшін пайдалы ақпарат алудың нағыз мүмкіндігі.
Жиын қорытындысы бойынша батальон командирлері мен штаб бастықтарына жауынгерлік, техникалық және тылдық қамтамасыз етудің барлық түрлері бойынша тестілеу тапсыру қажет болады. Соның нәтижесінде жиынды ойдағыдай аяқтаған үздік әскери қызметшілер анықталады.
-
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Энергетика министрлігінің алқа жиыны: Мұнай саудасы, уран өндірісі, электр энергиясының өнімділігі -
Елордада «Мейірім шуағы» қалалық акциясы өтті (ФОТО)
-
ХҚО-лар қалай жұмыс істеп жатыр (ФОТО) -
Елордаға қалай кіруге болады (ФОТО) -
Қызмет көрсету сапасы жағынан бәсекеге қабілетті болуымыз керек – әлеуметтік кәсіпкер (ФОТО) -
Елордада автобустар жүре бастады (ФОТО)
-
Ғимараттарды залалсыздандыру қалай жүзеге асырылуда (ФОТО)
-
Жол жабық. Елорда маңындағы аудандардағы блок бекеттердің жұмысы (ФОТО) -
Елордадағы инфекциялық аурухананың құрылысы қалай жүріп жатыр (ФОТО)
-
Карантин құрсауындағы қала (ФОТО) -
Нұр-Сұлтан қаласында 30 мың медициналық маска тегін таратылып жатыр (ФОТО) -
Елорда жаппай дезинфекцияланды (ФОТО) -
Елордада ауыл шаруашылығы көрмесі өтіп жатыр (ФОТО) -
Тоқаев: «Айбын» әскери-патриоттық жиыны жастар үшін бірегей алаң