• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТМД атынан бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы сайлау туралы алдын ала есепті жариялады

ТМД атынан бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы сайлау туралы алдын ала есепті жариялады

12 Наурыз, 2016 12:11
2016 жылдың 11 наурызында ТМД атынан бақылаушылар миссиясы Қазақстандағы сайлау туралы алдын ала есепті жариялады, деді ТМД бақылаушылар миссиясы штабының жетекшісі Евгений Слобода Орталық сайлау комиссиясында.

«2016 жылдың 11 наурызында миссия штабы Қазақстанда өтетін Парламент Мәжілісінің сайлауына дайындығы туралы алдын ала есепті жариялады. Есепте  біз сайлау учаскелеріне кедергісіз жіберілетін мүмкіндіктер туралы айттық. Саяси партия өкілдері сайлау комиссиясының мүшелерімен, саяси партия өкілдері және жергілікті атқарушы органдармен еркін сөйлесу қамтамасыз етіледі", - деді Е.Слобода.

«Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығынан Бақылаушылар миссиясы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шақыруымен 2016 жылғы 26 ақпаннан бастап ҚР Парламентi Мәжiлiсi депутаттарының кезектен тыс сайлауына дайындық барысына бақылау жүргiзiп келедi. Дауыс беру күнi де бақылау жүргiзедi», - дедi Е.Слобода.

Оның айтуынша, 2016 жылғы 11 наурыздағы жағдай бойынша, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығынан 260 бақылаушы тiркелдi. Атап айтсақ, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжiкстан, Түркiменстан, Өзбекстан бақылаушылары аккредителген. Сондай-ақ, ТМД-ға мүше мемлекеттердiң парламентаралық ассамблеясы, Беларусь және Ресей одағының парламенттiк жиыны, ҰҚШҰ парламенттiк ассамблеясы мен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетiнен тiркелген бақылаушылар бар. 

«Миссия өкiлдерi Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарындағы аумақтық және учаскелiк сайлау комиссияларын аралап шықты. Бақылаушыларға сайлау учаскелерiнiң жұмысымен еркiн танысуға, сайлау комиссияларының мүшелерiмен, саяси партиялардың және жергiлiктi атқарушы органдардың өкiлдерiмен араласуына барлық мүмкiндiк жасалған», - дедi Е. Слобода.

Ботагөз Айтжанова

 

Барлық жаңалықтар