• Басты
  • Жаңалықтар
  • Вашингтонда Қазақстан АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік бойынша комиссия комитеттерінің отырысы өтті

Вашингтонда Қазақстан АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестік бойынша комиссия комитеттерінің отырысы өтті

12 Наурыз, 2016 15:04
Вашингтонда стратегиялық әріптестік, гуманитарлық және экономикалық сұрақтар бойынша қазақ-американдық комитеттерінің отырысы өтті.

СІМ-де хабарлағандай, қазақстандық тарапты Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Әділет министрінің орынбасары Эльвира Әзімова, инвестициялар және даму вице-министрі Рахым Ошақбаев басқарды.

Американдық тарапты АҚШ Оңтүстік және Орталық Азия  бойынша Мемлекеттік хатшы көмекшісі Ниша Бисвал, АҚШ мемлекеттік хатшысының демократия, адам құқығы мен еңбегін қорғау бойынша көмекшісі Том Малиновский және АҚШ сауда министрі Арун Кумар басқарды.

Ашылу салтанытнда АҚШ Мемхатшысының көмекшісі Н.Бисвал «АҚШ Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын атап өтті. Екі елдің күн тәртібіне, бірге атқарылып жатқан істерге оңтайлы қарайтындығын жеткізді.

Ол 2015 жыл стратегиялық серіктестік үшін қолайлы болғанын атап өтті. Қазақстан мен АҚШ БҰҰ Бас Ассамблеясының алаңындағы екі ел Президенттерінің кездесуінің жоғары деңгейлігін атап өтті.

Америкалық дипломаттың айтуынша, стратегиялық серіктестік комиссиясы елдер арасындағы қарым-қатынастың мызғымас қайнар көзіне айналды. 

Барлық жаңалықтар