- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында «Мәңгілік ел - Жасыл ел!» атты облыстық жастар сенбілігі өтті (ФОТО)
Жамбыл облысында «Мәңгілік ел - Жасыл ел!» атты облыстық жастар сенбілігі өтті (ФОТО)
Бұл іс-шараның мақсаты, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Ұлыстың Ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай, облыс аумағын санитарлық тазарту, көгалдандыру және абаттандыру, күл-қоқыстан арылту жұмыстарын жүргізу, туған өлкені жасыл желектендіру, жастардың экологиялық, эстетикалық мәдениетін арттыру, оларды еңбекке, қоршаған ортаны таза ұстауға баулу және мәдени құндылықтарға тарту.
Ұйымдастырылған облыстық жастар сенбілігі Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығында облыс әкімі К.Көкрекбаевтың тал отырғызуымен бастау алып, «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған монументінде мемлекеттік қызметкерлердің, зиялы қауым өкілдерінің, ақсақалдар мен облыстағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттері мен қала тұрғындарының қатысуымен 200-ден аса тал көшеттерін отырғызумен және өңірдегі барлық елді мекендерінде тазалық жұмыстарын жүргізумен жалғастырылды.
Жылдағы дәстүр бойынша облыстық деңгейде өткізілетін сенбіліктердің аясында 5 мыңнан аса әртүрлі тал көшеттерін отырғызу, 150 шақырымдай автокөлік жолдарының бойы және 20 мың шаршы метр аумақты күл-қоқыстардан тазарту көзделіп отыр. Сондай-ақ, қала жастары Қарахан баба кесенесінің маңы, «Махаббат аллеясы» мен Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақтарында, сквер маңдарында тазалық жұмыстарын жүргізбек.
Облыстың барлық елді мекендерінде жаппай өткізілетін көктемнің алғашқы сенбілігіне 200 мыңнан аса облыс жастары мен қала тұрғындары жұмылдырылып, айналаны көгалдандыруға, қала, аудан, ауыл маңдарын, көшелерін тазартуға, спорттық кешендер мен өзен жағалауларын қалпына келтіруге, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға атсалысты.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы осы бағытта облыстық жастар саясаты мәселелері басқарма тарапынан «Жасыл Ел» еңбек жасақтарының жұмысын әрі қарай жандандыруға және жастарды уақытша жұмысқа тарту, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыруға баулу мақсатында Тараз қаласы мен аудандарда еңбек жасағындағы 400 жасты уақытша 2 айлық жұмыспен қамтуға жергілікті бюджет есебінен 18 млн. 812 мың теңге қарастырылды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері