• Басты
  • Жаңалықтар
  • В.Пытьева: Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттығына барлығы 121 кандидат тіркелді

В.Пытьева: Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттығына барлығы 121 кандидат тіркелді

12 Наурыз, 2016 11:32
Астана қаласы бойынша мәслихат депутаттығына барлығы 121 кандидат тіркелді, олардың 33-ін саяси партиялар, 6-ын қоғамдық бірлестіктер ұсынғаны, 88-і – өзін өзі ұсынған, деді қалалық сайлау комиссиясының хатшысы В. Пытьева.

«Қалалық сайлау комиссиясымен келісім бойынша қала әкімінің шешімімен саяси партиялардың үгіт баспа материалдарын орналастыру үшін 31 орын және мәслихат депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдары үшін 54 орын айқындалып жабдықталды. Сондай-ақ саяси партиялар мен кандидаттардың сайлаушылармен кездесулерін өткізу үшін шарттық негізде ұсынылатын 13 үй-жайдың тізімі бекітілді.Сайлау комиссиялары үгіт материалдарының заңнамаға сәйкес орналастырылуын бақылауды жүзеге асырады», - деді В.Пытьева.

Сайлау алдындағы үгітті жүргізуде сенім білдірілген адамдарға ерекше рөл бөлінеді. Саяси партиялар мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар сенім білдірілген адамдарды өз қалауы бойынша тиісті округте бір сайлау учаскесіне 3 адамнан асырмай анықтайды.

«Осы сәтке Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясы бес саяси партияның: «Нұр Отан» партиясының, ҚКХП-ның, «АҚ ЖОЛ» ҚДП-ның, «Бірлік» СП-ның және «Ауыл» ХДПП-ның барлығы 731 сенім білдірілген адамын тіркеді. Округтік сайлау комиссиялары сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың 836 сенім білдірілген адамдарын тіркеді», - деді ол.

«Сайлау алдындағы үгіт үшін қаржыландырудың екі түрі қарастырылған. Осылайша, Республикалық бюджеттен Астана қаласы мәслихатының депутаттығына әр кандидатқа теледидарда және радиода сайлауалды бағдарламасымен шығуға, баспа басылымдарында 2 мақала жариялауға, сондай-ақ үгіттік баспа материалдарын басып шығаруға, сайлаушылармен кездесулер үшін үй-жайларды жалға алуға, көліктік шығыстарға тең мөлшерде 245 мың теңге көлемінде қаражат бөлінеді.Сонымен қатар, саяси партиялар мен мәслихат депутаттығына кандидаттардың арнайы сайлау қорларын құруға құқығы бар. Сайлау қорлары қаражатының шегі сайлау туралы заңмен анықталған», - деді ол.

 

 

 

 

Барлық жаңалықтар