- Басты
- Жаңалықтар
- 30 мыңға жуық қазақстандық осы жылы шақырылады – ҚМ
30 мыңға жуық қазақстандық осы жылы шақырылады – ҚМ
Кезекті шақыру науқаны бірінші сәуірде басталады. Биылғы жылы мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы кейінге шақырылуға құқығы жоқ, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жасы 27-ге толмаған және белгіленген мерзімде шақырылым бойынша әскери қызмет өткермеген 30 мыңға тарта қазақстандық мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады.
Шақыру және медициналық комиссияларды құру жоспарлануда. Қажетті жабдық және тиісті мамандармен қамтамасыз ету ретке келтірілді. Медициналық комиссия құрамына әскери-дәрігерлік сараптама мәселелері бойынша дайындығы бар білікті дәрігер мамандар, яғни, оташы, терапевт, нарколог, невропатолог, психиатр, көз дәрігері, құлақ-мұрын дәрігері, дерматовенеролог, тіс дәрігері кіреді.
Әрі қарай шақыруды тиісті өңірдің әкімі орынбасарының басшылық етуімен шақыру комиссиясы жүзеге асырады. Сондай-ақ денсаулық сақтау, ІІМ, білім беру, қоғамдық ұйым, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері қатысады. Жергілікті әскери басқару органдары ҚР Қарулы Күштері, Ұлттық ұлан, Мемлекеттік күзет қызметі мен Шекара қызметінің әскери бөлімдеріне шақыруды жүзеге асыратынын айта кетейік. Бастапқы әскери дайындық қорытындысы бойынша ер-азаматтар әскери ант қабылдайды.
Одан кейін әскери қызмет атқару үшін тиісті лауазымдарға тағайындау жүргізіледі. 2015 жылдың күзінде 12 мың адам шақырылды. Олардың арасында 4 000 шақырылушы ҚР Қарулы Күштерінің қатарына, 2 000-ға жуық қазақстандық ҰҚК Шекара қызметіне, 6500-ден аса шақырылушы ІІМ Ұлттық ұланы мен 300-ге жуығы Мемлекеттік күзет қызметіне қызмет етуге аттанғанын естеріңізге сала кетейік.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы