ОСК 155 халықаралық бақылаушыны аккредиттеді

12 Наурыз, 2016 10:56
Орталық сайлау комиссиясы 2016 жылғы 20 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттен тағы 155 байқаушыны аккредиттеді.

“Аталған қаулыға сәйкес Ортсайлауком Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша сайлауды байқау жөніндегі бір Миссияның, бір халықаралық ұйымның және бір шет мемлекеттің тағы 155 байқаушысын аккредиттеді.Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 153 байқаушысы, 1 – Түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясынан, 1 – шет мемлекеттен.Барлығы 2016 жылғы 12 наурыздағы жағдай бойынша  Ортсайлауком Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің  608 байқаушысын аккредиттеді”, - деді Т.Охлопкова.

Олардың қатарында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның 197 байқаушысы, ТМД Миссиясының 293 байқаушысы, 9 – Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Миссиясынан, 75 – ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясынан, 3 – Ислам ынтымақтастығы ұйымынан, 8 – Түркітілдес елдердің Парламентаралық Ассамблеясынан, 10 шет мемлекеттен 23 байқаушы.

Оның айтуынша, бұдан басқа Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі 27 мемлекеттен шетелдік БАҚ-тың 117 өкілін аккредиттеді.

“Осылайша, қазіргі уақытта 725 халықаралық байқаушы мен шетелдік бұқаралық ақпарат өкілі аккредиттелді.Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеуді Ортсайлауком 2016 жылғы 14 наурызға дейін жүзеге асырады”, - деді ол.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің 2016 жылғы 11 наурыздағы № 11/766 ұсынымының негізінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Седанна Маргарянды Армения Республикасынан байқаушы ретінде аккредиттеудің күшін жойды және  Армения Республикасынан байқаушы ретінде Гоара Балаянды аккредиттеді.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар