- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР ДСӘДМ жанынан азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу бойынша Қоғамдық кеңес құрылды
ҚР ДСӘДМ жанынан азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу бойынша Қоғамдық кеңес құрылды
Оның мақсаты – қоғамдық маңызы бар мәселелер туралы, мемлекеттік органдардың халық алдында есеп беру міндеттілігі мен азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесуі бойынша азаматтық қоғам ой-пікірін білдіру болып табылады.
ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінің өкілеттілігіне: бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының, стратегиялық жоспарлардың, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың орындалуын қарастыру және талқылау; атқарушы органдардың нысаналы индикаторларға қол жеткізуі туралы есептерін талқылау; тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы, қайырымдылықтан түсетін ақшаның түсуі мен жұмсалуы туралы есептерін талқылау; азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге және талқылауға қатысу; қызметтік әдеп нормаларының сақталуын қоса алғанда, мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау және басқалар кіреді.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің бұйрығымен ағымдағы жылғы 26 ақпанында ҚР ДСӘДМ Қоғамдық кеңесінің ҚР ДСӘДМ Жауапты хатшысы, құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен ҮЕҰ өкілдері кірген құрамы бекітілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы