2016 жылы Алматының бюджеті 80 млрд теңгеге өсті – әкімдік

11 Наурыз, 2016 18:43
2016-2018 жж Алматының бюджеті 80 млрд теңгеге өсті. Республикалық бюджеттен қосымша 58,3 млрд теңге бөлінді, жергілікті бюджеттен – 21 млрд теңге. Түзету туралы Алматы қалалық мәслихатының кезектен тыс V шақырылымдағы сессиясы барысында белгілі болды, деп қала әкімдігі хабарлайды.

«Аталмыш қаражат келесі шараларды іске асыруға жұмылдырады: Универсиада аясында операциялық шығыстар – 17,9 млрд теңге, медицианлық көмек көрсету және дәрі-дәрмек алу – 2,4 млрд, ҚХА мен ауыл шаруашылық техникасын субсидиялау-4 млрд, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және жергілікті бюджет шығындарын өтеу-2,2 млрд, ШОБ қолдауға-438 млн теңге жұмсалады»,- деп қаланың экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Мақсат Кикимов айтты.

Қала әкімі Бауыржан Байбектің айтуынша қаржының көп бөлігі қоса беріліп отырған аумақтарды дамыту жұмсалады. Бұл 2020 жылға дейінгі мегаполистің даму бағдарламасына сәйкес келеді»,-деді ол.

Осылайша Наурызбай ауданының дамуына 4,9 млрд теңге бөлінеді, сондай-ақ ХҚО әкімшілік нысан құрылысы мен прокуратура құрылысына -2,2 млрд теңге, ішкі кварталды инженерлік желлілердегі әлеуметтік және әкімшілік нысандарға-1,6 млрд теңге, жылу беру желісіне-1,1 млрд, басқа да шығындарға-938 млн теңге бөлінеді.

Әкім бюджетті анықтау кезінде дағдарысқа қарсы жағдайда жұмыс орындарын құруды ескере өтті. Бюджетті анықтау аясында 4,3 мың жұмыс орындары құрылады. Бизнестің қолдауы аясында ағымдағы жылы екі мектеп, 13 балабақша 10 млрд теңгеге құрылады. Ағымдағы жылы Алматы бойынша 11 мектеп салынады.

Б.Байбек аталмыш жұмыстар Қазақста Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматының 1000 жылдығын атап өтумен өзекті.

Сонымен қатар, сессия барысында қала құрылысы регламенттерiне ережелері бекітілді. Осылайша, Әл-фараби даңғылынан жоғары жерде құрылыс 3 қабаттан аспау керек.

Барлық жаңалықтар