- Басты
- Жаңалықтар
- Г.Каламанов: ЕХРО-2017 көрмесі ҚР мен РФ-н атом энергетика саласы бойынша байланысты нығайтуға мүмкіндік береді
Г.Каламанов: ЕХРО-2017 көрмесі ҚР мен РФ-н атом энергетика саласы бойынша байланысты нығайтуға мүмкіндік береді
««Русатом» халықаралық жүйесі EXPO -2017 көрмесінің ұйымдастыру комитетімен ынтымақтастық туралы меморандум бекітті. Біздің жүйе халықаралық жарнамамен айналысады, көрмелер өткізеді. Біз 2017 жылы Астанада өтетін көрме туралы жан-жақты айтатын боламыз. Біз серіктесімізге қандай қолдау керек болса да көрсетуге дайынбыз. Әлемдік масштабта өтетін халықаралық шаралар байланысты нығайта түседі. Онысз да біз қазақстандық «Қазатомпром» сияқты серіктесімізбен жұмысымызды дамыту бағытында жұмыс істеп жатырмыз»,-деді ол.
Меморандум негізінде нақты бағытта ынтымақтастық туралы жеке келісімдерге де қол қойылатын болады. Ал, жалпы «Русатом» көрмеге қатысады. Өйткені оның тақырыбы – болашақтың энергиясы. «Русатом» әлемдегі атом энергиясын дамытушы компания. Ал, атом энергетикасы бүгінгі таңда тиімді жасыл энергетиканың бірі.
«Русатом» - бұлтек ядролық энергетикамен ғана айналысатын емес, сонымен қатар, жылу, гидро энергетикамен, күн сәулесінен энергия алатын ірі корпорация. Біз бұл бағыттарды одан әрі дамытудамыз,-дейді Г. Каламанов.
Еске сала кетейік, Астанада EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі – бұл Қазақстанның ең негізгі жобаларының бірі болмақ. Осындай ауқымды жобаны Астанада ұйымдастыру Мемлекет басшысының бастамасы. Астанадағы бүкіләлемдік көрме 3 айға созылады. Оған 100-ге тарта ел мен 10 халықаралық ұйым қатыса алады. Көрмеге 2 миллион адам келе алады, деп күтілуде.
EXPO-2017 көрмесінің тақырыбы – «Болашақтың энергиясы». Бұл тақырып энергия үнемдеудің әлемдегі үздік технологияларын, қолданылып жүрген энергия көздерінің балама жаңа өңделген технологияларын тартуға мүмкіндік береді.
Индира Кауметова
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері