Астанада ҚР мен РФ-ның логистика саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

11 Наурыз, 2016 18:27
Астанада «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин мен «Ресей темір жолдары» ААҚ (РТЖ) басшысы Олег Белозеров кездесті.

Кездесу барысында елі мемлекет арасындағы көлік  және логистика саласындағы қарым-қатынасты одан әрі тереңдете түсу жайы сөз болды.

А. Мамин Қазақстан мен Ресей темір жол әкімшіліктерінің арасындағы өзара тиімді серіктестікті одан сайын дамытып, үйлестіріп отыру, қазіргідей экнономикалық жағдайда тиімді нәтижелерге жетуге жетелейтіндігін атап өтті.

«Кездесу кезінде тараптар тасымалды одан сайын арттыру мәселесін, екі ел аумағындағы транзиттік жүк ағынын өсіру мақсатындағы қолайлы жағдайлар жасауға бас назар аударды.    Кездесудің басты тақырыбына айналған мәселеде  Қазақстан, Ресей, Белорусь елдерінің темір жол әкімшіліктері  арасындағы 2014 жылғы қарашадағы Біртұтас көліктік-логистикалық компания (БКЛК) жұмысындағы алғашқы нәтижелерді жоғары бағалап, оны тереңдете түсуге ынта білдірді», - деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

А. Мамин мен О. Белозеров өз кезегінде контейнерлік сервистік қызметтерді өзара ықпалдастырудың бірегей жалпыға ортақ әдіс тәсілдерін жүзеге асырушы ретінде маңызы зор екендігін атап өтті. Жаңа қоғамдық қатынастарды БКЛК аясындағы қабылданған базалық тәртіптер аясында дамыту көзделеді.

«Біздің қиындықты экономикалық ахуал кезеңінде БКЛК жобасын жүзеге асырып, оған қатысушылардың барынша жоғары тиімділікке жетуін қолдайтын боламыз» деп атап өтті РТЖ президенті.

Аталмыш компания Қытай- Оңтүстік Шығыс Азия елдері –Еуропа Одағы елдері арасындағы транзиттік контейнерлік сервистік қызметтерді атқарады. Сонымен қатар басқа да тапсырыстарды орындайды.

Кездесу барысында   қазақстандық экспорттық жүктерді көршілердің порттары арқылы үшінші елдерге шығару туралы айтылды. Новороссиск порты арқылы химиялық жүктер, минералдық тыңайтқыштар жіберу, Таман порты арқылы мұнай өнімдерін тасымалдау тапсырыстарын орындау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Кездесу соңында темір жол әкімшілктерінің басшылары екі жақты Хаттамаға қол қойды.

Қазақстан астанасына келген сапарында Олег Белозеров локомотив шығаратын «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-да  болып, өндірістік нысанның озық  технологиясымен, технологиялық мінездемесімен және жаңа өнім- қазіргі заманғы жолаушылар тепловозының басымдықтарын көзбен көрді. Зауытта машина құрастыру индустриясының әлемдік жетекші компанияларының жоғары технологиялық құрал-жабдықтары қойылған. Кәсіпорын іске қосылғалы «Еволюшн» ТЭЗ3 және ТЭП33А сериясындағы магистральдық жүк және жолаушылар тепловоздарын шығарады.

Сондай-ақ, «РТЖ» ААҚ президенті елордасындағы «А» сыныбына жататын көліктік-логистикалық орталықта (КЛО) да болды. Бұл Астанадағы КЛО өткен жыл соңында іске қосылды. Алдағы уақытта мұндай көліктік-логистикалық орталықтар Қазақстанның ірі қалаларының орталықтарынан бой көтереді. Ондай орталықтар өз кезегінде аймақтардың соңғы үлгідегі халықаралық сыныпқа жататын қоймалардың қызметін атқарып, онда жүктердің шоғырланып, жүк ағынын тоқтаусыз жүргізуге ықпал етеді.

Барлық жаңалықтар