• Басты
  • Жаңалықтар
  • ТМД атынан бақылаушылар өңірлердегі сайлау комиссияларының жұмысына оң баға берді

ТМД атынан бақылаушылар өңірлердегі сайлау комиссияларының жұмысына оң баға берді

11 Наурыз, 2016 16:34
Сайлау комиссияларының жұмысы өз жолымен жүзеге асуда, деді халықаралық бақылаушы, ТМД елдері атынан бақылаушылар миссиясы штабының мүшесі Евгений Козяк Орталық сайлау комиссиясында.

«Миссия ұйымдастырылды, қазіргі уақытта 293 бақылаушы аккредиттелді. Ертең Алматыға бақылаушылар тобы келеді. Сайлау күні 300 бақылаушымыз жұмыс істейді. Олар республиканың барлық ауданын аралайды.  Қазір ұзақмерзімді бақылаушылар тек Астанада ғана емес, өңірлерде де жұмыс істейді», - деді Е.Козяк.

Мәселен, халықаралық бақылаушылар Атбасардағы  қалалық сайлау комиссиясын көрді.

«Қалалық сайлау комиссиясында болдым, сайлау учаскелеріне бардым. Қарағанды мен Теміртаудың сайлау комиссиясын бақыладым. Біз сайлау комиссиялары жүргізіп жатқан жұмыстарды бақылап отырмыз. Жұмыс бірқалыпты, сайлау комиссиясының мүшелеріне семинар-тренингтер өткізілуде», - деді ол.

ТМД атынан бақылаушылардың айтуынша, орындарда сайлаушылардың тізімін нақтыландыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ботагөз Айтжанова

Барлық жаңалықтар