• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметті алу үшін эксаумақты қағиданы енгізу жоспарланған

ҚР-да жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметті алу үшін эксаумақты қағиданы енгізу жоспарланған

11 Наурыз, 2016 16:19
А.ж. 1 сәуір айынан бастап ҚР-да мемлекеттік қызметті алу үшін эксаумақты қағиданы енгізу бойынша пилотты жоба енгізіледі, деп ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті Даму және жаңғырту департаментінің директоры Ержан Біржанов ОКҚ-да өткен баспасөз-конференциясында айтты.

«1 сәуір айынан бастап мемлекеттік қызметті алу үшін эксаумақты қағиданы енгізу бойынша пилотты жоба енгіземіз. Бұл не? Біріншіден, салық төлеушіге қайда тіркелгені маңызды емес, маңыздысы – толық қызметті алу. Ол кез-келген салық органына барады және ол жерде оның қай жерде тіркелгені, қай ауданнан екеніне қарамастан оларға толық қызмет көрсетілуі тиіс»,-деді ол.

Е.Біржановтың айтуынша, аталмыш пилотты жоба үш облыста өтеді: СҚО, Қостанй мен Ақмола облыстары.

«Жылдың соңында аталмыш шараны республика бойынша өрбітеміз. Ол салық төлеушілердің уақытын үнемдеп, қызмет көрсетудің сапасын жақсартады»,-деді ол.

Индира Қауметова

Барлық жаңалықтар