• Басты
  • Жаңалықтар
  • Өскеменде қазақстандық сазгерлердің заманауи музыкасының фестивалі өтуде

Өскеменде қазақстандық сазгерлердің заманауи музыкасының фестивалі өтуде

11 Наурыз, 2016 20:26
ШҚО-да «Ұлы дала елі» атты қазақстандық сазгерлердің заманауи музыкасының фестивалі өтуде, шара ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып отыр, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

«Қазақстанның сазгерлер одағы» ШҚО өкілдігінің төрағасы Светлана Апасованың айтуынша, осы жылы фестивальдің бағдарламасы күрделіленді.

«Біз бұл жерге  тек көңілді көтеретін бағдарламаны ғана емес, ойланатын музыкаларды да қостық», - деді ол.

«Ұлы дала елі» фестивалі аясында Өскеменде алғашқы концерт өтті. Қойылған туындалардың тең жартысы – премьера.

Астана мен Алматы, Семейден әкелінген туындылар Өскеменде тұңғыш рет орындалды. Біздің оркестер оларды алғаш рет орындады», - деді Светлана Апасова.

 

Барлық жаңалықтар