- Басты
- Жаңалықтар
- ТМРБҚ комитеті Екібастұз ГРЭС-2-ге экспортталатын электр энергиясын беру тарифіне жеңілдік берді
ТМРБҚ комитеті Екібастұз ГРЭС-2-ге экспортталатын электр энергиясын беру тарифіне жеңілдік берді

Табиғи монополия субъектісі (ТМС) – KEGOC-тің көрсетілетін қызметтерін тұтынушы және энергия беруші ұйымның желілері арқылы электр энергиясын тасымалдау тарифіне жеңілдік алу құқығына ие ГРЭС-2 ықтимал преференциялар беру туралы өтініммен ТМР ж БҚК-ге, ҚР Энергетика министрлігіне (Энергетикамині) және KEGOC-ке жүгінді.
ГРЭС-2 хабарлағандай, компанияның 3-ші энергия блогын салуға тартылған валюталық қарыздар мен келісімшарттар бойынша және инвестициялық жобаларды орындау бойынша елеулі міндеттемелері бар. ГРЭС-2-тегі ахуалды жақсарту шараларының бірі Ресей Федерациясының көтерме сауда нарығына электр энергиясы мен қуатының экпорттық жеткізілімдерін ұйымдастыру болып табылады, бұл іске қосылмаған қуатты жүктеуге мүмкіндік берер еді.
Қарау қорытындысы бойынша Комитет ГРЭС-2-нің өтінімін мақұлдады. ГРЭС-2-ге KEGOC-тің электр энергиясын беру бойынша көрсетілетін қызметтеріне УТК беру бойынша өтінімін қанағаттандыру туралы шешімді ҰЭМ-нің ТМР ж БҚК Энергетикаминімен және KEGOC-пен бірлесіп қабылдады.
Берілген УТК Ресей Федерациясына электр энергиясын экспорттық жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Анықтама. Ф-ға электр энергиясын жеткізу ГРЭС-2-нің ғана емес, сонымен қатар аралық кәсіпорындардың қызметіне де оң әсерін тигізеді. Жылына 1,8 млрд. кВтс электр энергиясын экспорттау 1 976 млн. теңге сомасына 1,4 млн. тонна көмірді қосымша өндіру мен тиеп жөнелту, KEGOC-тің техникалық диспетчерлендіру және теңгерімдеу бойынша көрсетілетін қызметтері көлемінің 569 млн.теңгеге өсуі түрінде мультипликативтік әсерін тигізеді. Тұтастай алғанда ҚР бойынша электр энергиясы экспортынан оң әсер 2016 жылғы наурыздан бастап 5 200 млн. теңгені құрайды.
-
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді
-
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді
-
Білім беру саласын цифрландырудың маңызы
-
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары
-
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары
-
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай
-
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді
-
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері
-
Алматыда дәстүрлі форматта білім беруді ұйымдастыру қалай жүргізілуде
-
Үздіксіз білім берудің әлеуеті қалай
-
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды
-
Электр энергиясы мен газ: Биыл тариф қалай қалыптасады
-
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту
-
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру

