• Басты
  • Жаңалықтар
  • Сенатта астық нарығы, экология және «жасыл экономика» туралы заңдарға түзетулер қарастырылды

Сенатта астық нарығы, экология және «жасыл экономика» туралы заңдарға түзетулер қарастырылды

11 Наурыз, 2016 15:38
ҚР Парламент Сенатында қоршаған ортаны қорғау және ауылдық аумақтарды дамыту, аграрлық мәселе бойынша кеңейтілген отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне астық нарығын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы бірінші оқылымда қарастырылды.

Палатада хабарлағандай, заң жобасында кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде, оның ішінде электрондық астық қолхаттары жүйесін жетілдіру  және уақытша нан қабылдау кәсіпорынын басқару қарастырылды.

Өзгерістер Азаматтық іс жүргізу кодексіне, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексіне, «Астық туралы» заңына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы», «Мақта саласын дамыту туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» заңдарға енгізілген.

Комитет аталмыш заң жобасы аясында электрондық астық қолхаттары жүйесін енгізу және астық қолхаттарының ақпараттық жүйесіне байланысты мәселені қарастырды.

Сонымен қатар, бірінші оқылым отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан республикасының «жасыл экономикаға» көшу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қарастырылды.

Сонымен қатар, сенаторлар бірінші оқылым отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  экология мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да қарастырды.

Заң жобасы Экология кодексіне өзгерістер мен толықтыру енгізуді қарастырады, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» заңдар.

Қабылданған нормалар газдарды жағу мен мұнай өндіру салаларына бағытталған.

Заң жобасы палатаға қарастырылуға жіберілді. 

Барлық жаңалықтар