• Басты
  • Жаңалықтар
  • Санья қаласында өткен аймақтық ынтымақтамстық байланыс комиссиясының отырысына Қазғарыш делегациясы қатысты

Санья қаласында өткен аймақтық ынтымақтамстық байланыс комиссиясының отырысына Қазғарыш делегациясы қатысты

11 Наурыз, 2016 17:36
Қазғарыштың «Республикалық ғарыш байланысы орталығы» АҚ делегациясы ҚХР Санья қаласында өткен Аймақтық ынтымақтастық байланыс комиссиясының отырысына қатысты.

Ведомствоның хабарлауынша, Аймақтық байланыс ынтымақтастығы жұмыс тобының негізгі мақсаты ғарыштық технологияны қолданудың тиімділігі мен спутниктік байланыс құралдарын Аймақтық байланыс ынтымақтастығы аумағында ұлттық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін қарастырады.

Отырыс барысында Аймақтық байланыс ынтымақтастығына (АБЫ) қатысушы елдерден спутниктік ресурстарды пайдалану мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, жер үсітндегі инфроқұрылымдарды АБЫ елдері операторларының мүддесі арқылы қолдану; АБЫ-ға қатысушы елдердің өзара спутниктік маркетинг ресур операторларын құру; өзара резервті қаматамасыз ету; бірлесе жылжымалы және теңіз нысандарын байланыспен қамтамасыз ету; спутниктік жаңа технологияны меңгеруде тәжірибе алмасу және тағы басқа да спутниктік технологияны дамыту төңірегіндегі бірқатар мәселелер қаралды.

Барлық жаңалықтар